Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Міндет айқындалса, жұмыс жүреді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Міндет айқындалса, жұмыс жүреді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық салаларындағы жағдайды жақсарту бағытындағы міндеттерді жүзеге асыруда. Ол, басқасын айтпағанда, өзінің алғашқы Жолдауында ел халқының түрлі мәселелерін шешуге бел байлағанын аңғартты.

Қ.Тоқаевтың нақты мақсаты бар, сонымен бірге оны жүзеге асыру жолдарын да жақсы біледі.

Денсаулық сақтау, білім беру салаларын дамыту, әлеуметтік өркендеу мен инфрақұрылымды жақсарту және өзге де жағдаяттар тұрғысындағы бағдарламалары өте маңызды.

Президент елге не қажет екенін білетіні, қоғамның әлсіз тұстарын нақты көрсетіп, оларды еңсеру жолдарын ұсынғаны көңіл қуантпай қоймайды.

Ол істі неден бастау керектігін, негізгі күш-жігерді қалай қолдану қажеттігін түсінеді. Тіпті, пойыз билет­терінің тапшылығына назар аударып, оны реттеу мақсатында тапсырма бергенінің өзі Президенттің әлеуметтік мәселелердің қайсысын болса да назарда ұстайтынын көрсетсе керек.

Дитмар ФЕЛЬНЕР,
Аустрия-Қазақстан қоғамдастығының
бас хатшысы, доктор