Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2019

Асы-Түрген обсерваториясына жаңа телескоп орнатылды

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астрофизикаға әуес адам­дар­дың еліміздегі аспан дене­лерін зерттейтін арнайы ор­талықтар жайында білуге құмартатыны анық. Сондай ғажайып сырға толы орынның бірі – Алматы облысының аума­ғындағы Асы-Түрген обсерваториясы.

Асы-Түрген обсерваториясына жаңа телескоп орнатылды

Аспан денелерін зерт­тейтін орталық Іле Алатауы аңғарын­да­ғы Асы мен Түрген өзен­де­рінің тоғысқан тұсында тұр. Алматы қаласынан 100 ша­­­қы­рымдай қашықтықта ор­­наласқан. Теңіз деңгейінен 2700 метр биіктіктен зең­гір көкке көз тігіп, жұлдыздар­дың жарық жолына бақы­лауға бо­лады. Қазір бұл обсервато­рия­да мамандар жоғары жыл­дам­­дықта жұмыс істейтін ба­қы­­лау телескопын орнатып жа­­тыр екен.

– Обсерватория бізге ұна­ды. Мұндағы күмбез Гер­ма­ния­да жасалған екен, ай­насының диа­метрі 1 метр бо­латын рефлектор орна­ты­лыпты. Бұл Күн мен Ай­ды, Күн жүйесіндегі кіші ға­лам­шарлар мен метеорлық зат­тар, жасанды аспан дене­лері, галактикалардың құры­лым­дары мен динамикасы, жұлдызаралық орта, жарық және көмескі диффузиялық тұманды зерттеуге мүмкіндік береді, – дейді профессор Брюс Гроссан.

Айтпақшы, профессор Брюс Гроссан – Нобель сый­лы­ғы­ның лауреаты, Назар­баев Уни­верситетте Энер­­­­­­гетикалық ға­рыш зерт­хана­сының жетекшісі, әйгілі профессор Джордж Смут­тың командасындағы әлем­ге танымал ғарыш зерт­­­теушісінің бірі. Оның бас­шылығымен ор­на­­ты­лып жатқан жа­ңа­ телескоп ғарыштық гам­ма-қал­­қымаларды зерт­тей­­­тін болады. Аспаптың жыл­дам­дығы әлемдегі ең үлкен ғарышт­ық жарылыс­тардың оптикалық сәуле шығару спектрін өл­шеуге мүмкіндік береді екен.

Алматы облысы