06 Ақпан, 2013

БАНКТІК ЗАЕМНЫҢ ҮЛГІЛІК ШАРТЫ

1272 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін

БАНКТІК ЗАЕМНЫҢ ҮЛГІЛІК ШАРТЫ

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 6:03

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жеке тұлғаларға кредит карточкасын ресімдеу  кезінде пайдаланылатын Банктік заем шартының шамалас үлгі нысанын жариялайды.

Осы Шарт ___________жылғы «____» ____________ _______________қ. мына тараптардың арасында:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ  (бұдан әрі – Банк) атынан 20_ жылғы _______ №______ сенімхаттың негізінде әрекет ететін _______________________ және
____________жылғы №____________ _______________ берілген жеке басын куәландыратын құжаты ________________________________________________
(бұдан әрі – Заемшы) бекітілді, бұдан әрі «Тараптар» деп аталады.

Банк пен Заемшының арасында жа­салған Төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету шартына сәйкес Заем­шыға ағымдағы шот (бұдан әрі – Шот) ашылғандығын және оған қолжетім­ділікті қамтамасыз ету үшін төлем карточкасы (бұдан әрі – Карточка) шыға­рыл­ғандығын назарға алып,
Тараптар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

 

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 6:03

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жеке тұлғаларға кредит карточкасын ресімдеу  кезінде пайдаланылатын Банктік заем шартының шамалас үлгі нысанын жариялайды.

Осы Шарт ___________жылғы «____» ____________ _______________қ. мына тараптардың арасында:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ  (бұдан әрі – Банк) атынан 20_ жылғы _______ №______ сенімхаттың негізінде әрекет ететін _______________________ және
____________жылғы №____________ _______________ берілген жеке басын куәландыратын құжаты ________________________________________________
(бұдан әрі – Заемшы) бекітілді, бұдан әрі «Тараптар» деп аталады.

Банк пен Заемшының арасында жа­салған Төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету шартына сәйкес Заем­шыға ағымдағы шот (бұдан әрі – Шот) ашылғандығын және оған қолжетім­ділікті қамтамасыз ету үшін төлем карточкасы (бұдан әрі – Карточка) шыға­рыл­ғандығын назарға алып,
Тараптар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

 

1. Шарттың мәні. 
Заем беру талаптары
1.1. Банк шотқа Кредит лимитін (бұдан әрі – Кредит лимиті) белгілейді және оның сомасы мен мерзімі шегінде Шарт­та көрсетілген талаптарға сәйкес Заем­шыға заем (бұдан әрі – Заем) береді.
1.2. Заемның нысаналы мақсаты: тұ­тыну­шылық мақсат.
1.3. Заемның жалпы сомасы және валютасы: берілетін және бұрын берілген, бірақ жаңа заем берілетін сәтке өтел­меген Заемның жалпы сомасы Шартқа қол қойылған күнгі Кредит лимитінің ______ (__________________________)_________тең болатын мөлшерінен аспауы тиіс.
1.4. Заем мерзімі: Заемды пайдалану мерзімі Заемшы Шарттың 2.2. тарма­ғында тізілген операциялардың ішінен кез келгенін жүргізген күннен басталады және Банк алдында осы Заем бойынша барлық берешек сомасы өтелген күні аяқталады, бұл ретте Заемның жалпы мерзімі Кредит лимитінің мерзімінен аспауы тиіс, ол Карточка қолданылатын мерзімге – 3 (үш) жылға белгіленеді және бірдей кезеңдерге бөлінеді, оның өтуі тиісті айдың ____күні басталады және одан кейінгі келесі айдың ______ күні   (бұдан әрі – Есептік кезең) аяқ­талады. Бірінші есептік кезең 20__жылғы «__»_______бастап белгіленеді. Кар­точка шығарылғанда Кредит лими­тінің мерзімі қайта шығарылатын Кар­точканың қолданылу мерзіміне ұзар­тылады.
1.5. Заемшы Заемды пайдаланғаны үшін Заемшы алған, бірақ Заем берілген валютада Банкке қайтарылмаған Заем сомасына есептелген жылдығы _______ % (__________________ пайыз) мөл­шерінде тіркелген сыйақы мөлшер­лемесін төлейді, бұл ретте осы Шарт шеңберінде Заемды пайдаланғаны үшін сыйақының жылдық тиімді мөлшер­лемесі (сыйақының нақты, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген мөл­шерлемесі) (бұдан әрі – СЖТМ) ___%-ды (_________пайызды) құрайды. СЖТМ мәндерге сәйкес, атап айтқанда, Заемға қызмет көрсетілгені үшін Банк алатын тарифтерге, комиссиялар мен басқа да төлемдерге сәйкес есептеледі. Бұл ретте СЖТМ Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында анықталған тәртіппен оны есептеу үшін қажетті деректер өзгерген жағдайда түзетілуі мүм­кін.
1.6. Заемды өтеу және Заемды пай­да­ланғаны үшін сыйақы төлеу тәсілі: Заемды қайтару, Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу және Шарт бойынша өзге берешек сомасының барлығын тө­леу қолма-қол ақшамен және/немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен толтырылатын Шоттан қолма-қол ақшасыз тәсіл­мен акцептсіз алу жолымен жүргізіледі.
1.7. Заемды өтеу әдісі: Заемның және сыйақының бүкіл сомасын Земшының қарастыруымен бөлшектеп немесе біржолғы төлеммен жүргізіледі.  Банкке бөлшектеп өтелген кезде төленуі тиіс ең төменгі сома Заем бойынша толық көлемде есептелген сыйақы сомасын және Заем бойынша негізгі борыш қал­дығынан ____% (____________), алайда _______(_______________) __________дан (бұдан әрі – Ең төменгі өтелетін сома) аз болмайтын, ал Есептік кезеңнің соңына Заемның жалпы сомасы осы тармақта көрсетілген сомадан аз соманы құраса – нақты берешек мөлшерін құрайды.
1.8. Берешекті өтеу кезектілігі: 1) Кар­точкаға/Шотқа қызмет көрсетілгені үшін есептелген комиссиялық сыйақы, 2) Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы; 3) Заем сомасы. Мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда Заем сомасын қайтару және ол бойынша сыйақыны, өсімпұлдарды, комиссияларды, шығыс­тарды/шығасыларды/шығындарды төлеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: 1) Банктің Заемды, ол бойынша сыйақыны, өсімпұлдарды, айыппұлдарды өтеу мін­деттемелерін орындату бойынша шеккен шығыстарының сомасы; 2) Кар­точкаға/Шотқа қызмет көрсетілгені үшін есептелген комиссиялық сыйақысы; 3) тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсім­пұл) сомасы; 4) сыйақы сомасы; 5) Заем сомасы. Банк осы тармақта аталған өтеудің өзге кезектілігін өз бетінше анықтауға және жүргізуге құқылы.
1.9. Заемды өтеу және Заемды пай­даланғаны үшін сыйақы төлеу мерзім­дерін бұзғаны үшін Заемшы Заем және/немесе оның сыйақысы бойынша мерзімі өткен берешек сомасының және/немесе ол бойынша сыйақының мерзімі өткен әр күні үшін берешек сомасының жылдығы (_____% пайыз) мөлшерінде  тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді, бұл ретте тұрақсыздық айыбының сомасы осы Шарттың әрекет ететін әр жылына – берілген Заем сомасының 10%-нан (он пайызынан) аспайды. Банктің есептеген өсімпұлын төлеуден басқа Заемшы Банк шеккен залалдарды (есептелген өсімпұлдың үстінен тыс) толық көлемде өтейді.  Өсімпұл төлеу және залалдарды өтеу Заемшыны Заемды өтеу және Заем бойынша сыйақы төлеу міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
1.10. Заемды өтеу және ол бойынша сыйақыны төлеу тәртібі мен кезеңділігі:
1.10.1. Заемды қайтаруды, ол бойынша сыйақыны, комиссияларды, тұрақ­сыз­дық айыбының (айыппұл, өсімпұл),  шы­ғасылардың, банктің шығыстарының және Заемшының осы Шарт бойынша Банк алдындағы басқа берешектерінің (бұдан әрі бірге Берешек сомасы деп аталады) сомасын төлеуді  қолма-қол ақша сомасын аудару немесе мынадай: 1) Банкке қызмет көрсететін қашық­тықтағы арналар; 2) POS-терминалдар; 3) банкоматтар/мультикиоскі құралда­рымен; 4) Банк кассалары; 5) Банктің сомаларды Заемшының кез келген Шотынан акцептсіз түрде үнемі алып отыруы арқылы жүргізіледі; __
1.10.2. Заемды және Заемның пай­да­ланылғаны үшін сыйақы Есептік кезең­нің және есептік кезеңнен кейінгі_____(________) күнтізбелік күнге тең болатын келесі кез келген жұмыс күні (бұдан әрі –Төлем кезеңі) төленуі тиіс, бұл ретте ішінара төлеу ай сайын әр Төлем ке­зеңінің  соңғы күнтізбелік күніне дейінгі мерзімде, Ең төменгі сомадан аз емес мөлшерде ай сайын жүргізіледі;
1.10.3.  Карточканы пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтердің заемдық қа­ра­жатының есебінен төлем нәти­же­сінде алынған Заем бойынша сыйақы мына жағдайларда:
1) ол алынған Есептік кезең ішінде немесе Төлем кезеңінен кейінгі келесі ке­зеңде мұндай Заемды толық қайтар­ған­да; және
2) Шарттың 1.7-тармағында көзделген және Шарттың 1.10.2-тармағында белгі­лен­геннен кеш болмайтын мерзімде Ең төменгі өтелетін сомадан аз емес мөлшерде Заем шарты бойынша алын­ған, соның ішінде Шарттың 2.2.1 және 2.2.2-тармақшаларында көзделген операцияларды жасау нәтижесінде алынған басқа барлық Заемдар толық немесе ішінара қайтарылғанда есептелмейді.
1.11. Заемшының Банк берген Заем со­ма­сын қайтару, сондай-ақ сыйақы, тұ­рақсыздық айыбын Банк шығын­дары­мен шығасыларын төлеу өтеу бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы мыналармен:
1.11.1. осы Шарттың 1.9-тармағына сай тұрақсыздық айыбымен;
1.11.2. ұстап қалу арқылы;
1.11.3. салымдағы және жинақтаушы шотта орналастырылған ақша кепілімен қамтамасыз етіледі.
1.12. Заемшы осы Шарт бойынша мін­деттемелерін орындамағанда немесе тиі­сінше орындамағанда Банктің қол­данатын шаралары:
1.12.1. Заем және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда Банк Заемшыға осы Шартта көзделген тәсілмен хабарлама жібереді және Заемшы хабарламада көрсетілген мерзімде берешекті өтеу міндеттемелерін орын­дамаған жағдайда Банк:
1) заемшының мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың мем­лекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы түрінде Заемшы шоттарына түсетін ақшалай операциялардан басқа Заемшының кез келген шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтатуға; және/немесе
2) Қазақстан Республикасының заңна­масында белгіленген тәртіпте Заем­шының мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы түрінде алатын Заем­шының шоттарындағы ақшадан басқа Заемшының кез келген шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз түрде) алуға. Бұл ретте Заемшы мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеу­меттік төлемдер мен жәрдемақы түрінде алатын ақшаны енгізу үшін арнайы арналған банктік шот ашпаған жағ­дайда, сол ақша Заемшының басқа шоттарына түскен жағдайда Банк әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы бар банктік шоттардағы шығыс операцияларын тоқ­татқандығы немесе көрсетілген әлеу­меттік төлемдер мен жәрдемақыны ал­ғаны үшін жауапкершілік арқаламайды.
3) Шартта және/немесе Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдануға құқылы.
1.12.2. Осы Шарт бойынша басқа мін­деттемелердің бұзылғаны үшін Заем­шыға Қазақстан Республикасының заңна­масында көзделген кез келген шаралар қолданылуы мүмкін.
1.13. Осы Шарт оған кіріспеде көрсе­тілген Тараптар қол қойған сәттен бас­тап күшіне енеді және Заемшы осы Шарт бойынша Банк алдындағы барлық міндеттемелерін толығымен орынд­а­ғанша немесе Шартты тоқтатудың басқа да негіздемелері басталғанға (туын­даған) (қайсысы бұрын басталатын­дығына қарай)  дейін қолданылады.
1.14. Тараптар осы Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында және Шартта көзделген жауапкершілікті арқалайды.
1.15. Карточка бойынша жылдық қыз­мет көрсетілгені үшін комиссия бойынша берешек Кредит лимитінің сомасын пайдаланумен танылады және кезекті Ең төменгі өтелетін сомаға қосылады.
1.16. Тараптар Заемшының Банкке:
(і) Банктің Заемшы туралы мәлімет­терді беретінін, осы Шарттың жасал­ғанын, сондай-ақ Банк шарттық қаты­нас­тарда тұрған немесе тұратын барлық кредиттік бюроларға Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орын­даумен байланысты ақпаратты (оның ішінде Заемшының осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілі мен құрамы туралы) бергенін  және (іі) барлық кредиттік бюролардың Заемшы туралы есептерді Банкке беруіне келісімін бергенін растайды.
1.17. Заем бойынша сұрақтар туын­даған жағдайда Заемшы мәлімдемелер алу үшін мыналар:
Банктің почталық адресі бойынша: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай даңғ., 109 «В»; Банктің электрондық мекен-жайы бойынша: info@ halykbank.kz; Банктің интернет-ресурсы арқылы – www.halykbank.kz; Банк­тің байланыс орталығының +7(727) 2590777 телефоны бойынша хабарласа алады.
1.18. Тараптар осы арқылы Банктің барлық шығындары мыналарды қоса, бірақ шектелмей: кепілге салынған мүлікті соттан тыс жолмен сатуды іске асыру шығыстарының (бар болса); сот шығасыларының; почталық/курьерлік шы­ғындарды Заемшы өтейтінімен сөзсіз келісті.
1.19. Осы арқылы Заемшы Банкке Заемшының осы Шарт бойынша берешек сомасының барлығын, оған қоса, бірақ шектелмей: Заемды (негізгі борышты өтеу) қайтару бойынша бере­шектің, Заем бойынша сыйақы төлеудің, комиссиялардың, осы Шарт бойынша басқа төлемдерді төлеудің (Банк шы­ғыстарын өтеудің, тұрақсыздық айыбын төлеудің және т.с.с.)  сомасын Заемшы­ның Банкте және Қазақстан Республи­касының аумағында және одан тыс жерлерде ашылған басқа банктердегі  және банктік операциялардың жекелеген түр­лерін іске асыратын ұйымдарда ашыл­ған барлық банктік шоттарынан тікелей дебеттеу жолымен және Заемшының акцептін талап етпейтін төлем құжат­тары негізінде акцептсіз алып алуға сөзсіз және қайтарылып алынбайтын келісімін береді.
1.20. Осы Шарт бойынша Заемды берумен байланысты комиссиялар алынбайды.

1. Жалпы ережелер
2.1. Заем төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беріледі.
2.2. Заем Заемшы мына:
2.2.1. қолма-қол ақшаны беру және/немесе
2.2.2. аудару және/немесе
2.2.3. төлем, соның ішінде Карточкаға/Шотқа қызмет көрсетілгені үшін Банк қызметтеріне төлем жасау операцияларын Заемшының шотындағы жеке ақша сомасының үстінен  мұндай операция со­масынан асырып жүргізген сәтте бе­ріл­ген болып саналады.
Заемшыға заемның берілу фактісі атал­ған операциялардың жүргізілгені ту­ралы куәландыратын кез келген құ­жатпен расталуы мүмкін.
2.3. Осы Шарттың 2.2. тармағында көрсетілген операцияның жүргізілген күні Заем берілген күн болып табылады. Заемшы осы Шарт бойынша Банк ал­дындағы берешегін өтеген күн Заемды қайтарған күн болып табылады. Заем сомасы берілген және қайтарылған күн толық көлемде бір күнге қабылданады. Заемның  пайдаланылғаны үшін сыйақы есептелгенде, нақты күн (күнтізбелік) саны есепке алынады, бұл ретте бір жыл  – 360 күнге тең деп қабылданады. Заемды  пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу Заемның нақты қалдық сомасына жүргізіледі. Заем немесе оның бір бөлігі өтелген күннен бастап Кредит лимитінің мөлшері өтелген Заем сомасына орны толтырылады.
2.4. Заем қайтарылатын және/немесе ол бойынша сыйақы төленетін күн мереке немесе демалыс күніне келетін болса, Заемды қайтару және/немесе сыйақы төлеу тиісті демалыс немесе мереке күнінен кейінгі келесі жуықтағы жұмыс күні жүргізіледі.
2.5. Карточкаға қызмет көрсетілгені үшін бірінші жылға сыйақы төлеу Банк­тің оны Шоттағы  Кредит желісі сомасынан есептен шығару арқылы Карточка бойынша бірінші шығыс опера­ция­сын жүргізген сәтте жүргізіледі.
Карточкаға қызмет көрсетілгені үшін екінші және одан кейінгі жылдарға сыйақы төлеу Карточкаға қызмет көр­сетілетін әрбір келесі жылы Карточка іске қосылған күні Шоттағы  Кредит же­лісі сомасынан есептен шығару арқылы жүргізіледі.
2.6. Шарттың 2.2.1 және 2.2.2-тар­мақ­ша­ларында аталған операцияларды жүр­­­гізген кезде алынатын жалпы Заем сомасы Кредит желісі сомасының 50%-ынан (елу пайызынан) аспауы тиіс.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Заемшының:
3.1.1. осы Шарттың талаптарымен мер­зімінен бұрын толық өтелгені үшін сыйақы есептелмейтін болса, тұрақсыз­дық айыбы мен комиссияларды тө­леместен, нақты есептелген сыйақыны төлеп немесе мұндайды төлеместен, Заемды толығымен мерзімінен бұрын қайтаруға:
3.1.2. Заемды және/немесе сыйақыны өтеу күніне сәйкес келетін демалыс немесе мерекелік күнге байланысты Заем бойынша төлемдерді өтеу мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеместен, Өтеу кестесіне сәйкес Заемды қайтаратын және/немесе сыйақыны төлейтін күні сәйкес келетін мерекелік немесе демалыс күннен кейінгі бірінші жұмыс күні Заемды қайтаруды және/немесе сыйақы төлеуді іске асыруға;
3.1.3. өзінің жазбаша өтініші бойынша осы Шарт бойынша Заемшының осы Шарт бойынша берешегін өтеу есебіне түсетін кезекті ақшаны бөлу (негізгі бо­рышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақ­сыздық айыбына, айыппұлдарға және төленуге тиіс басқа сомаларға) туралы ақпаратты айына жиілігіне бір рет, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде ақысыз алуға;
3.1.4. осы Шарт бойынша негізгі борыш сомасы толығымен немесе ішінара қайтарылған жағдайда мерзімі өткен төлемдер көрсетілген, негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен төленуге тиіс басқа сомаларға бөлінген, қайтаруға жататын Шарт бойынша Заемшы бере­шегінің мөлшері туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде ақысыз алуға;
3.1.5. осы Шарт бойынша даулы жағ­дайлар пайда болғанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы Қазақстан Республи­касы­ның заңнамалық актілерімен белгілен­ген мерзімде жазбаша өтініші бойынша жауап алуға;
3.1.6. Кредит лимитінің шегінде кәсіп­керлік қызметпен байланысты емес жә­не Қазақстан Республикасының заңна­масына қайшы келмейтін операцияларды іске асыруға;
3.2. Банктің құқықтары:
3.2.1. осы Шарттың талаптарын Заем­шының пайдасына біржақты тәртіпте өзгерту, оның ішінде Заемды пайда­ланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесін, Карточка бойынша жылдық қызмет көр­сету үшін комиссияның мөлшерін тө­мендету;
3.2.2. Карточка бойынша жылдық қыз­мет көрсету үшін кезекті комиссияны төлеуге Кредит лимитінің пайдала­ныл­маған бөлігі жетіспеген жағдайда Кредит лимитінің мөлшерін ұлғайту;
3.2.3. Заемшы төмендегі жағдайлар­дың кез келгені бойынша осы Шарттың та­лаптарын бұзған жағдайда Кредит лимитін жою және Заемшыдан Қазақ­стан Республикасының заңнамасымен және осы Шартпен белгіленген тәртіпте берешектің барлық Сомасын мерзімінен бұрын өтеуді талап ету: 1) Заемшы өзінің қаржылық жай-күйі туралы жал­ған ақпарат бергендігі анықталғанда; 2) жарғылық капиталда қатысу үлестерінің меншік иеленушісі Заемшы болып табылатын заңды тұлғаның Банк алдында кез келген міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда; 3) осы Шартқа сәйкес берілген Заем мен Заемды пайдаланғаны үшін төленетін сый­ақы бойынша 40 (қырық) күнтізбелік күн­нен асатын мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда; 4) Заемшы сот процесіне жауапкер ретінде тартылғанда және/немесе Заемшының мүлкіне, банк­­тік шоттарында орналастырылған ақ­ша­ны қосқанда, құн өндірілгенде жә­не/немесе тыйым салынғанда; 5) Заем­шының жалақылық жобалар бойынша басқа банктердің қызмет көрсе­тілуіне ауысуы (жалақыны басқа банктерде ашыл­ған ағымдағы шоттар бойынша алуы);
3.2.4. өз талаптарын қанағаттандыру мақ­сатында Шотты тікелей дебеттеу ар­қылы Шоттағы ақшаны өндіру құ­қығы­мен Заемшының Шотын оқшаулау (оның ішінде Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату арқылы):         1) Заем­­­шының Банк алдындағы кез келген мін­деттемелері бойынша берешегі бол­ған­да; 2) ақшаны Шотқа қате енгіз­генде; 3) Қазақстан Республикасы заң­на­масымен қарастырылған өзге жағ­дайларда;
3.2.5. мынадай жағдайлар орын ал­ғанда бір жақты тәртіппен осы Шарттың шеңберінде жаңа Заемдар беруді тоқ­тату: 1) Заемшының қаржылық жағдайы Банк талаптарына сәйкес келмегенде; 2) Заемшы берешекті уақытында өтеуге қатысты Шарт талаптарын бұзғанда; 3) Қазақстан Республикасының саяси және /немесе экономикалық жағдайы не болмаса Қазақстан Республикасының банк­тік қызметтер рыногындағы жағдай на­шарлағанда 4) жарғылық капиталда қа­тысу үлестерінің меншік иеленушісі Заемшы болып табылатын заңды тұлғаның Банк алдында кез келген міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда;
3.2.6. Заемшыдан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды талап ету;
3.2.7. Шотқа түсіп отырған ақшаны кез келген уақытта осы Шарт бойынша Заемшының Банк алдындағы берешегін өтеуге жіберу;
3.2.8. Қазақстан Республикасының заң­намасына сәйкес Заемшының қосым­ша келісімінсіз үшінші тұлғаларға осы Шарт бойынша Заемшыға қатысты құ­қықтардан (талап ету) шегіну, бұған Заемшы өзінің сөзсіз әрі қайтарып алынбайтын келісімін береді. Осы арқылы Заемшы үшінші тұлға Заемшы үшін маңызды мәнге ие еместігін растайды;
3.2.9. Заемшы туралы және осы Шарт­тың талаптары туралы мәліметті, сон­дай-ақ, Тараптардың осы Шарт міндет­темелерін орындауымен байланысты ақпаратты (оның ішінде банк құпиясы және өзге коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты) үшінші тұлға­ларға (Банкпен келісім бекіткен коллек­торлық компанияларды қоса) беру, бұған Заемшы өзінің сөзсіз және қайтарыл­майтын келісімін береді;
3.2.10. Шоттың валютасынан өзге валютада Банкке түскен ақшаны айырбас­тау күніне Банкте белгіленген бағам бойынша айырбастауды Заемшының ак­цептісіз (келісімінсіз) жүргізу, бұған Заемшы өзінің сөзсіз және қайтарыл­май­тын келісімін береді;
3.2.11. Заемшының акцептін талап ет­пейтін төлем құжаттарының негізінде және тікелей дебеттеу жолымен Заем­шының осы Шарт бойынша Банкте, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде банктік операция­лардың жекелеген түрлерін іске асыратын басқа банктер мен ұйымдарда ашыл­ған Заемшының барлық банктік шот­тарынан берешек Сомаларын ак­цепт­сіз алу.

3.3. Банктің міндеттері:
3.3.1. нақты есептелген сыйақыны тө­леп, егер осы Шарттың талаптары бойынша сыйақы есептелмесе тұрақсыздық айыбы мен комиссияны төлеместен Заемшыдан осы Шарт бойынша берешек Сомасын Заемға қызмет көрсетудің кез келген кезеңінде мерзімінен бұрын то­лық өтеуге қабылдау;
3.3.2. Заемшының жазбаша өтініші бо­йынша, Заемшы осы Шарт бойынша не­гізгі борыш сомасын мерзімінен бұрын толығымен немесе ішінара қайтарғанда, негізгі борышқа, сыйақыға, комис­сия­ларға, тұрақсыздық айыбына, айып­пұл­дарға және төленуге тиіс басқа сома­ларға бөліп, Шарт бойынша Заемшының қайтарылуға тиіс берешегінің мөлшері туралы ақпаратты, мерзімі өткен тө­лемдерді көрсете отырып, үш жұмыс кү­нінен аспайтын мерзім ішінде Заемшыға ақысыз беру;
3.3.3. мерзімі өткен берешек пайда бол­ған күннен 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы Шарт бойынша мерзімі өткен тө­лем­дерді енгізу қажеттігі және осы Шарт­тың 6.1. тармағында қарастырылған амал­дармен, бірақ көрсетілген амалдармен шектелмей олардың өз міндет­те­мелерін орындамаудың салдары туралы Заемшыны хабардар ету;
3.3.4. Шарт бойынша құқығын (талаптарын) үшінші тұлғалар пайдасына берген жағдайда бұл жөнінде Заемшыны берілген талап ету құқығын толық кө­лем­де көрсетіп, ағымдағы және мерзімі өткен берешек сомасының қалдығын негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен басқа да төленуге тиіс сомаларға ажы­ратылған, сондай-ақ заемды өтеу бойынша одан әрі төлем мақсатын Банкке немесе талап құқығы берілген үшінші тұлғаны көрсете отырып үш жұмыс күні ішінде Заемшыны хабардар ету;
3.3.5. Қазақстан Республикасының заң­намасында және осы Шартта қарасты­рылған жағдайларды қоспағанда, конфиденциалды ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа қатысты коммерциялық және/немесе банктік құпияның мәнін құрай­тын мәліметтерді жарияламау;
3.3.6. Заемшы Банкке жазбаша өтініш­пен жүгінген жағдайда Қазақстан Рес­пуб­ликасының жеке және заңды тұлға­лардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы заң актілерімен белгіленген мер­зімде қарастыру және жауабын Заем­шыға беру;
3.3.7. Банкке ақша түскен кейінгі және тиісті түрде ресімделген төлем құ­жат­тарының көшірмелерін алған күннен кейінгі ке­лесі банктік күннен кешік­тірмей Шотқа ақша енгізу;
3.3.8. Заемшының Шартқа сәйкес бе­ріл­ген ақшаны Банкке ішінара немесе толығы­мен мерзімнен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша, негізгі бо­рыш­қа, сый­ақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен басқа да төленуге тиіс сомаларға бөлініп, мерзімі өткен төлем сомасы көрсетілген, қай­тарылуға тиіс ақша сомасының мөлшері туралы Заемшыны үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде, ақысыз хабардар ету.

3.4. Банк құқылы емес:
3.4.1. осы Шартты бекіту күніне бел­гі­ленген тарифтердің, комиссиялардың жә­не Заем­ға қызмет көрсету бойынша басқа шы­ғыс­тардың мөлшері мен есептеу тәр­тібін ұлғайту жағына біржақты тәртіпте өзгертуге;
3.4.2. осы Шарттың шеңберінде комис­сиялардың жаңа түрлерін біржақты тәр­тіпте енгізуге;
3.4.3. Заемшыны сақтандыру ұйым мен тәуелсіз бағалаушыны таңдауда шек­теуге;
3.4.4. осы Шарттың шеңберінде жаңа Заемдар беруді біржақты тәртіпте тоқ­татуға, мына жағдайларды қоспағанда:
1) Банкте жаңа Заемдар беруді іске асыр­­мау құқығы пайда болатын осы Шарт­пен қарастырылған жағдай;
2) Заемшы осы Шарт бойынша Банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзғанда;
3) Банк жүргізген мониторинг нәти­желері бойынша анықталған, Заемшы­ның қаржылық жағдайы нашарлағанда;
4) Банктің осы Шартты тиісті орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгер­генде;
5) Қазақстан Республикасының саяси және/немесе экономикалық жағдайы не болмаса Қазақстан Республикасының банк­­тік қызметтер рыногындағы жағдай нашарлағанда;
3.4.5. негізгі борышты немесе сый­ақы­ны өтеу күні демалыс немесе мерекелік күнге сәйкес келетін болса және Заемшы сыйақыны немесе негізгі борышты нақты төлеуді мерекелік немесе демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізген жағдайда тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін алуға;
3.4.6. осы Шарт бойынша Заемды мер­зімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияла­рының өзге түрлерін алуға.

3.5. Заемшының міндеттері:  
3.5.1. алынған Заем сомасын уақы­тын­да және толық көлемде қайтару жә­не ол бойынша сыйақы төлеу;
3.5.2. Заем уақытында қайтарылмаған жә­не/немесе ол бойынша сыйақы тө­лен­беген жағдайда осы Шартта анық­талған мөлшерде және тәртіппен Банкке тұрақ­сыздық айыбын (айыппұл, өсім­ақы) төлеу;
3.5.3. Банк қызметін тарифтерге сәйкес төлеу;
3.5.4. осы Шарт бойынша Заемшының міндеттемелерін орындауға кедергі кел­тіретін жағдайлардың басталғаны туралы Банкке дереу хабарлап отыру;
3.5.5. үшінші тұлғалардың міндет­те­мелері бойынша кепілгер болмау, сон­дай-ақ Заемшының осы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындауға кедергі келтіретін өзге мәмілелерді жасамау;
3.5.6. байланыс деректері/деректе­ме­лері өзгерген жағдайда осы Шарттың талаптарына сәйкес Банктің талап етуі бо­йынша тиісті растаушы құжаттарды бере отырып, мұндай өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей Банкке хабарлама жіберу;
3.5.7. осы Шартта қарастырылған жағ­дайларда Заем сомасын және тиесілі сый­ақыны, айыппұлдар мен өсімақыны (олар бар болса) қайтару/төлеу.

4. Тараптардың келіспеушіліктері мен даулары
4.1. Осы Шарттан туындайтын немесе онымен байланысты келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар алдын ала келіс­сөздер жүргізу арқылы қарастырады.
4.2. Жүргізілген келіссөздер нәтиже­сінде осы Шарт бойынша Тараптардың даулары мен келіспеушіліктері шешіл­меген жағдайда, Қазақстан Республи­касының заңнамасында қарастырылған тәртіпте Қазақстан Республикасының құқығын қолданумен, Банктің өз қала­уымен – Банктің немесе оның филиалы­ның орналасқан жеріндегі сотта (шарт­тық соттылық) шешіледі.

 5. Конфиденциалдық  
5.1. Осы Шарт Тараптарының әрқай­сысы басқа Тараптан алынған кез келген ақпараттың (оның ішінде осы Шарт және оның талаптары туралы) конфи­денциалдығын сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беру, тек екінші Тараптың жазбаша ке­лісімі арқылы мүмкін болады, осы Шарт­та және Қазақстан Республи­касы­ның заңнамасымен қарастырылған жағ­дайларды қоспағанда.
5.2. Осы бап бойынша конфиден­циал­дық туралы (және банк құпиясы туралы) ереже мынадай жағдайларға таралмайды:
5.2.1. Шарт бойынша құқықтардан жә­не борышты аударудан шегіну;
5.2.2. берешек сомасын Заемшының барлық шоттарынан Банктің акцептсіз тәртіппен алып отыруы және осыған бай­ланысты өзге уәкілетті үшінші тұл­ғаларға қажетті ақпарат беру жағ­дай­лары;
5.2.3.Қазақстан Республикасының заң­намасында белгіленген тәртіп пен талап­тарға сәйкес Банк кредиттік бюроның деректер базасына қосу үшін Заемшы туралы және бекітілген осы Шарт туралы мәліметтерді, сондай-ақ Тараптар­дың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына, оның ішінде Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін қамта­масыз ету құрамы мен тәсілдері туралы ақпарат бергенде және Банк кредиттік бюродан Заемшы туралы кредиттік есеп­тер алғанда.

6. Хабарламалар
6.1. Тараптар осы арқылы Банктен Заем­шыға жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Банк мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, тиісті түрде ресім­дел­ген және Заемшы алған деп есептеле­тіндігімен келіседі және мұны растайды:
курьерлік немесе почталық қызмет арқылы;
электрондық почтамен;
факспен;
мобильдік байланыс және басқа телефон байланысы арқылы;
осы Шарттың 5-бабының талаптарын ескере отырып тиісті ақпаратты филиалдарда /бөлімшелерде /Банктің веб-сай­тын­да www.halykbank.kz электронды мекен-жайы бойынша орналастыру ар­қы­лы.
6.2. Тараптар осы арқылы Заемшыдан Банкке жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Заемшы мы­­надай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, тиісті түрде ресім­дел­ген және Банк алған деп есепте­летін­дігімен келіседі және мұны растайды:
Банктің уәкілетті қызметкеріне алған­дығы туралы қол қойғызып тапсыру арқылы;
курьерлік немесе почталық қызмет арқылы.
6.3. Хат алушының хабарлама алған күні мыналар болып есептеледі:
хабарламалар қолма-қол немесе курьер­­лік қызмет арқылы берілгенде – тиісті тұлғаның қажетті белгісін қою арқылы, алынған күні;
хабарлама Банкке тапсырыс хатпен жіберілгенде – жөнелтілгеннен кейін үшінші күнтізбелік күні (жөнелту кезін­де почта ұйымы берген құжат күні бойынша);
хабарлама факспен жіберілгенде – жөнелтілген күні, егер факсимильдік аппараттың құжатты факс нөмірлеріне жөнелтудің сәтті аяқталғандығы туралы белгісі болса;
хабарлама мобильдік байланысты пайдалану арқылы электрондық почтамен жіберілгенде – хабарлама жөнелтілген күні (егер жөнелту туралы белгі болса);
хабарлама (дауыс арқылы хабарландыру) мобильдік байланыс және басқа телефон байланысы арқылы жіберілгенде – қоңырау шалған уақыты мен күні;
хабарлама филиалдарда/бөлімшелерде/Банктің веб-сайтында орналастырыл­ған­да – хабарлама орналастырылған күні.
6.4. Егер Тараптардың бірінде хабарлама жіберу үшін басқа Тарап пайдаланатын және/немесе пайдалануы мүмкін байланыс деректерінде/деректеме­ле­рін­де қандай да өзгерістер болса, онда өз­герістер болған Тарап бұл жөнінде, мұн­дай өзгерістер пайда болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Та­рапқа хабарлама жіберуге тиіс немесе байланыс деректерінде/деректеме­лерін­де болған өзгерістер туралы клиенттің ауызша хабарламасын Банк жеткілікті деп белгілеген жағдайда қажетті хабарламаны Банктің Байланыс-орталығы қыз­­­метіне хабарлауы тиіс.
6.5. Осы Шартқа сәйкес Заемшы Банк­ті жазбаша хабардар етпегендігінен, Заем­шының байланыс деректерінің/де­­­рек­­­темелерінің өзгеруіне байланысты хабарламаларды Заемшы алмағандығы немесе уақытылы алмағандығы үшін Банк жауапкершілік арқаламайды.
6.6. Осы арқылы Тараптар хабарламаларды жіберу және/немесе алу мақ­са­тында Заемшы жедел байланыстың құ­ралын пайдаланудың тәуекелін (мыналарды қоса, бірақ онымен шектелмей, алаяқтық тәуекелі, жіберілген ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің, сондай-ақ хабарламаларды жіберу үшін пайдаланылатын жедел байланыс құралдарының, қызмет көрсетуді жеткізушілердің немесе құрал-жабдықтардың жұмысындағы күрделі мәселелерге байланысты Заем­шының/Банктің оны алғанға дейін мұн­дай ақпаратты жоғалту тәуекелі) өзіне алатындығын растайды.
6.7. Осы Шарттың 6.6. тармағында қарастырылған жағдайларда Заемшы шеккен кез келген залалдары үшін Банк жауапкершілік арқаламайды, егер бұн­дай залалдар немқұрайдылықтың немесе Банктің өз міндеттемелерін қасақана орындамауының нәтижесі болғандығы дәлелденбеген жағдайда.

  7. Қосымша талаптар
7.1. Заемшы қайтыс болған жағдайда оның осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері сәйкесінше оның құқық­тық мирасқорына өтеді.
7.2. Заемшы өзінің осы Шарт бойынша құқықтарын Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бере алмайды.
7.3. Осы Шартты орындағанда Тараптар осы Шартпен реттелмеген талап­тарға қатысты Шартта қарастырылған талаптармен қатар Қазақстан Республи­касының қолданыстағы заңнамасын да басшылыққа алады.
7.4. Осы Шарттың шеңберінде Тараптар қол қойған қосымшалардың бар­лығы оның ажыратылмас бөлігі болып табылады.
7.5. Тараптар осы Шарттың ереже­ле­рін өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін, бұл ретте Шартта қарастырылған жағ­дайларды қоспағанда, Тараптардың екі жақты өзара келісімі негізінде жазбаша нысанда жасалып, қолдары қойылған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.

 8. Тараптардың орналасқан жері/мекен-жайы, банктік деректемелері мен қолдары