Парламент • 27 Қыркүйек, 2019

Ынтымақтастық жалғаса береді

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының төрағасы Талат Джаферимен кездесті. Дариға Назарбаева өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Солтүстік Македонияны маңызды саяси әріптес ретінде қарастыратынын және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бергі алғашқы ресми парламенттік делегация сапарының мәні зор екенін атап өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Ынтымақтастық жалғаса береді

Сенат басшысы Солтүстік Македонияның Еуропалық интеграциясындағы үлкен ілгерілеуін ерекше атап өте келіп: «Сіздерді құттықтаймыз және Македониямен ынтымақ­тастығымыз жалғаса береді әрі сенімді досымыз болады деп үміттенеміз», – деді.

Сенат Төрағасы Т.Джафе­ридің сапары екі ел арасын­дағы өзара тиімді ынтымақтас­тық­тың жаңа кезеңіне аяқ басу болатынына сенім білдірді. «Еуразия елдері парламент­тері спикерлерінің кеңесі ал­ғаш рет Нұр-Сұлтан қаласын­да өтті. Осы кездесулердің бәрі Еуразия аумағындағы интеграциялық үдерістерде парламенттердің рөлі жыл сайын ұлғайып келе жатқанын аңғартады», – деді Сенат басшысы.

Солтүстік Македония Рес­публикасы Ассамблеясының төрағасы Талат Джафери өз тарапынан парламентаралық байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Т.Джаферидің айтуынша Солтүстік Македония Қазақ­станның барлық халықар­алық бастамаларына, әсіресе БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы қызметіне қолдау білдіреді. Ол бар­лық салаларда, соның ішінде ту­ризм, ауыл шаруа­шылығы, бі­лім беруде өзара іс-қимыл дең­­гейін арттыру үшін екі­жақты қаты­нас­тардың барлық әлеуетін пай­да­лану маңызды екенін атап өтті.

Келіссөздер аясында Сол­түстік Македо­ния Респуб­ликасы Ассамблея­сының Төрағасы екі ел арасындағы визасыз тәртіп мә­се­лесін шешу­ді жеделдетуді өтін­­ді. «Бұл сауда-экономика са­­ла­­сына оң әсер етеді», – деді ол.

Дариға Назарбаева әріп­тесінің сөзіне қолдау біл­діріп, бүгінгі күні Қазақстанда инвесторлар үшін барлық жағ­дай жасалғанын және бизнес-климатты дамытудың бе­рік заңнамалық базасы қалып­тасқанын айтты.