Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жетекші сарапшылары Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) қабырғасында аталған аймақ пен Қытай арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен оның болашағы тақырыбын талқылады.

Қазіргі таңда ҚХР-дың экономикалық әлеуеті Орталық Азия дамуының маңызды факторына айналып отыр. Қытай Орталық Азия елдерінің ірі сауда серіктесі ретінде орнықты және аймақ экономикасының маңызды салаларына құйылған Қытай инвестициясының көлемі жыл сайын артып келеді.
Алайда сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқынды дамуымен қатар бірқатар екіұдай тенденциялар байқалады. Атап айтсақ, экономикалық қатынас құрылымында теңгерімсіздік айқын сезіледі. Әсіресе, ҚХР-дың қаржы институттары алдындағы қарыз көлемінің өсуі үлкен алаңдаушылық туғызуда. Соңғы оқиғалар көрсеткендей, Орталық Азия елдерінің қоғамы бұл үдерістерді екіұдай қабылдауда. Сондықтан Қытай елімен ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты тууы мүмкін сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге «аймақтық» көзқарастың қажеттігі арта түседі.
Осыған орай шараның модераторы, ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев: «Бүгінгі таңда Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық үдерістерінің жалпыаймақтық сипаты болуы тиіс. Бұл ретте біздің институтымыз үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған осы форматтағы сарапшылар пікірталасы үлкен маңызға ие», деді.
Басқосу барысында Қырғыз Республикасы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Кубанычбек Токторбаев өз ойын былай сабақтады: «Қытай басшылығы Орталық Азия аймағы ҚХР үшін өзіндік «стратегиялық тыл» екендігін көрсетті. Ресми Бейжің Қытай экономикасы үшін көмірсутегі мен басқа пайдалы қазбаларға бай ресурс көзі ретінде Орталық Азияның маңызды екенін түсінді», деді.
Бұдан бөлек, ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың пайымдауынша, Орталық Азиядағы Қытайдың экономикалық үлесі күннен-күнге жүйелі әрі кешенді сипат алып келеді. Осы орайда ол: «Отын-энергетика саласы мен басқа да салаларға кеңінен тартылған Қытай инвестициясын әртараптандыру көрінісі байқалуда. Осы үдерістің ықпалымен аймақта геоэкономикалық оқиғалар қарқынды өзгеріске ұшырауда. Бізге бұл үдерістердің қарқыны мен бағытын, сонымен қатар орта және ұзақмерзімді салдарларын анық түсіну қажет», деді.
Жалпы алғанда, жиынға қатысушылардың Орталық Азия елдерінің экономикалық тәуелсіздігін сақтау мәселелерінде пікірлері бір жерден шықты. Сондай-ақ стратегиялық әрекетке қажетті алаң қазіргі таңда өте өзекті екендігі айтылды.
Пікірталасты қорытындылаған Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Парвиз Мухаммадзода былай деді: «Осы тектес пікірталас алаңдары мәселенің жай-жапсарын толық түсінуге әрі зерттеуге үлкен үлес қосарына сенімдімін. Бүгінгі диалог Орталық Азия мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа қатысты қоғамда қалыптасқан таптаурын пікірлерді белгілі бір деңгейде сейілтіп қана қоймай, аймақтағы барлық елдер үшін нақты әрі салиқалы ұсыныстарды қалыптастыруға ықпал етіп, орын алған жағдайды шынайы бағалауға мүмкіндік берді».
Дайындаған
Жолдыбай БАЗАР,
«Egemen Qazaqstan»
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты артады
Экономика • Кеше
Елорданың 300-ден астам тұрғыны пәтерлі болды
Елорда • Кеше
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Театр • Кеше
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Футбол • Кеше
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Теннис • Кеше
Қоғам • Кеше
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Қоғам • Кеше
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар