Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

100 шақырымдық марш

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери институтты бітіруші курсанттар жаяу әскердің жауынгерлік машиналарымен және танктермен 100 шақырымға марш жасады.

100 шақырымдық марш

Болашақ офицерлер іс жүзінде алған теориялық білімдерін пысықтап, әскери техниканы басқару шеберліктерін паш етті және су бөгеттерін ұрыс машинасымен еңсерудің барлық мүмкіндіктерін зерделеді.

Құрама экипаждар қатарында олар жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерінде 100 шақырымдық марш жасады. Ол үшін әскери институттың оқу-жаттығу орталығында арнайы көрсетілімді сабақ ұйымдастырылды.

әскер

Жауынгерлік техникадағы марш – бұл жолдар мен кедергілі жолдар арқылы взводтың немесе ротаның легі құрамындағы жай ғана жүріс емес. Ең алдымен, маршты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысы. Курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізу, күрделі жағдайда маневрлеу, әртүрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдықты паш етті.

– Маршты ұйымдастыру мен өткізуді зерделеу кезең-кезеңмен өтеді. Бірінші курста курсанттар бөлімше командирінің жұмысы көлемінде, екін­ші және үшінші кезеңде взвод және рота коман­дирі көле­мінде қажетті мәселелерді зерделей­ді. Бола­шақ офицерлермен 100 шақырымдық марш­ты жүріп өтуді оқытудың соңғы төртінші курсы батальон командирі дәрежесінде өткізіледі, – дейді Құрлық әскерлері Әскери институты оқу бөлімінің бастығы подполковник Жәнібек Сарғазин.

танк

Тәжірибелік сабақтар оқып-үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік машығын арттыруға ықпал ететінін, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізудегі қабілеттерін жетілдіретінін атап өткен жөн. Курсанттар әскерлерге қызмет етуге жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықпен, офицерлер үшін қажетті білім және біліктілікпен аттанады.

Соңғы жаңалықтар