Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019

«Аға сеньор» келді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкерлікті қолдауға бағыт­­талған бұл жобаға «Аға сеньор» деген атау берілген.

«Аға сеньор» келді

Шетел­­дік тәлімгерді шақыру шығын­­дарын мемлекет төлейді, кәсіп­­кер тек тұратын орны мен та­ма­ғын тауып берсе болды. Об­лыстық кәсіпкерлер пала­тасы­ның баспасөз хатшысы Әсел Тұқ­паеваның ай­туынша, жыл соңына дейін мұнайлы өңірге шетелден бес «Аға сеньор» келеді.

– «М-Системс Групп», «Бі­рінші мамыр» ЖШС, «Раушан», «Жұмағалиев» ЖК тарапынан шетелдік тәлімгерге сұраныс түсті. Ал «Caspiy Lana Atyrau» ме­ке­месіне Түркиядан Касым Гюн­гор келіп, жұмыс істеуде, – дейді облыстық кәсіпкерлер палата­сының бөлім басшысы Жанар­гүл Жоламанова.

Тоқыма фабри­касының өнім­дері өткен жылы «Қазақ­стан­ның үздік тауары» байқауында «Ха­лық тұтынатын үздік тауар­лар» аталымын жеңіп алды. «Аты­рауда жасалған» жылы көр­пелер мен жамылғылар әзір­ге елі­міздің батыс, оңтүстік өңір­лері­не жеткізіліп отыр. Ендігі мақ­сат – өткізу нарығының аясын кеңей­тіп, алыс-жақын шетелдерге шы­ғару. «Аға сеньор» да осы мақсат­та шақырылды.

 АТЫРАУ