Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Бақытжан Сағынтаев: Ескі Алматының қайталанбас келбеті сақталуы тиіс

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бақытжан Сағынтаев: Ескі Алматының қайталанбас келбеті сақталуы тиіс

«Алматылықтар үшін маңызды жерде жаяу жүргіншілер жолы экологиялық талапқа сай оңтайландырылып, жарықтандырудың инженерлік желілері мен суару жүйесі салынады. Сондай-ақ үш кіру аймағы болады. Жаңартылған Ботаника бағы өзінің ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау қызметін жалғастыра отырып, қаланың ерекше көрікті жеріне және мегаполис тұрғындарының демалыс аймағы болып қала береді. Қайта жөндеу жүргізудің басты мақсаты – экологиялық тепе-теңдікті құру арқылы бақшаның табиғи ортасын сақтау», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Одан бөлек, шаһар басшысы бұрынғы Саяси ағарту үйін қайта жөндеуден өткізіп, Достық пен Абай даңғылының, Пушкин мен Құрманғазы көшелерінің шаршысын да қайта жаңғырту керектігіне назар аударды. Мердігерлердің назарына аталған тарихи ғимараттың сәулеттік келбетін қалпына келтіру қажеттігін ескертті.

«Бұл – Алматының тарихи және мәдени орталығы. Ескі Алматының қайталанбас келбеті сақталуы тиіс», – деді әкім өз сөзінде.

Әр уақыттың өз ерекшелігі бо­лады. Ол кезде «Түрі ұлттық, маз­мұны социалистік» деген қа­ғида барлық салада үстемдік етті.

Бірақ сол заманның бел­гісі деп танылған ғимарат­тар­ды тарихи ескерткіш ретінде сақ­тап қалу туралы Үкіметтің шешімі бар. Қазір тари­хи ескерткіштердің респуб­ли­ка­лық және Алматы қаласы дең­гейіндегі екі тізімі бар. Тарихи ес­­керткіш бо­­лып табылатын ғи­марат, ол кім­нің меншігінде бол­са да, Үкі­мет­тің қорғауында тұр.

Оны бұ­зып, түрін өзгертуге еш­кім­нің құ­қы жоқ.