
– Ақан Қарғамбайұлы, «Томиристей» ауқымды жобаны сәтті аяқтауыңызбен құттықтаймыз. Тарихи мәні зор фильмді түсіру барысында көңіліңіздегі барлық ой-тілегіңізді жүзеге асыра алдыңыз ба? Әлде орындалмай қалған сәттер де кездесті ме?
– Құттықтауыңызға рахмет. Біз бұл картинаны екі жарым жылға жуық жасадық. «Томирис» фильмі қай жағынан келсе де үлкен ізденіс, ауқымды еңбекті талап етті. Ең алғаш, осыдан үш жыл бұрын, «Анаға апарар жол» драмасының премьерасынан соң бас продюсер Әлия Назарбаева «Томирис» фильмін түсіру жайлы ойын ортаға тастады. «Анаға апарар жолды» тамашалап, риза болған Елбасы жаңа бастамамызға қолдау білдіріп, ақ батасын берді. Әуелде жүрексінгенімізбен, кейін бұл ұсынысты кино алаңында өзімізді кәсіби маман, ең бастысы қазақтың патриот азаматы ретінде сынап көруге таптырмас мүмкіндік, теңдессіз тәжірибе алаңы деп қабылдап, тарихи туындыны түсіруге бел будық.
Жалпы, жобаны жарыққа шығару уақыты екі жарым жыл мерзімді қамтығанымен, негізгі түсірілім процесі 93 күнге созылды. Кейбір сахналарда түсірілім алаңында 800-ге жуық актер бір мезетте жұмыс істеді. Шығармашылық топ құрамында 400 адам еңбек етті. Түсірілім жұмыстары басты төрт үлкен локацияда жүзеге асырылды. Олар – Шонжы, Қапшағай, Алматы және Көкшетау аймақтары. Алматыдағы түсірілімдер негізінен «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы Вавилон тарихи павильонында өтті.
«Томирис» фильмін режиссерлік тәжірибемдегі үлкен меже десем болады. Мазмұндық, көркемдік тұрғыдан тарқатсақ та кез келген суреткер үшін аса қызықты тақырып деп санаймын. Маған осындай ауқымды туындымен жұмыс істеуге, тарихымызға бойлап, Ұлы даланың даңқты тұлғалары өмірін кино тілінде сөйлетуге мүмкіндік сыйлағаны үшін Жаратқанға мың да бір шүкір деймін. Жұмыстың соңғы нұсқасын көріп отырып «Томиристі» түсірген екі жарым жыл уақытты шығармашылық адамы ретінде жаңа тәжірибе, бастамаларға жетелеген жемісті жоба болды деп сеніммен айта аламын.
– Фильмнің өзегі – сценарий ғой. Бұл жағынан қандай тарихи дерек немесе еңбек негізге алынды?
– Фильм идеясын Әлия Нұрсұлтанқызы мен Тимур Жақсылықов ақылдасып, бастапқы мақсаты жүйеленді. Кейін Тимур Жақсылықов толықтай сценарийін жазып шықты. Негізінен біздің сценарлық топ үлкен болды. Жалпы саны 10-ға жуық адам атсалысты. Диалогтарды бөлек мамандар жазды. Бұл тұста редакторлар мен кеңесшілердің де еңбегі ересен. Ал енді негізгі сауалыңызға келсем, сценарий ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасына сүйеніп жазылды. Яғни, «Томиристің» негізгі іргетасы, қазығы – Геродоттың жазбасы.
– Кеңесшілерден кімдермен жұмыс істедіңіз?
– Қазақстандық белгілі архитектор, тарихшы, академик Алмас Ордабаевпен кеңестік. Ғалыммен шығармашылық байланысымыз «Жаужүрек мың бала» фильмінің түсірілімі кезінде басталған болатын. Кейін «Анаға апарар жол» картинасы жарыққа шығар сәтте де жемісті байланыс орнаттық. Білікті маманмен бірлесе жасаған жұмысымыз енді міне «Томирис» фильмінде де жалғасып отыр.
– Бұған дейін де бірнеше тарихи фильм түсіргеніңізді ескерсек, бұл «Томиристің» тарихи тақырыпты қаузаған бұрынғы жұмыстарыңыздан ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
– «Томирис» – ауқымды жоба. Екі жарым мың жыл бұрын болған тарихты экранда көрсетіп қана қоймай, оқиғаны шынайы сөйлете білу суреткер ретінде маған әрі қиын, әрі қызық болды. Өйткені ұлтымыз үшін ұлық есімдер қатарына енген әйгілі Сақ патшайымының ерлігі күллі қазақ үшін қастерлі. Әрқайсымыздың бойымызда Томиристің рухы бар. Сондықтан да қателесуге, босаңсуға жол жоқ. Осы себепті де түсірілім жұмыстары басталған сәттен бастап үздіксіз ізденуге, әр дерекке ден қойып сараптауға, Сақ патшайымының болмысын барынша жан-жақты қырынан ашу жолында тер төктік. Басқа тірлікті ысырып қойып, өзімізді түбегейлі «Томириске» арнадық.
– Режиссер үшін әрбір жұмысы қымбат, ыстық. Десек те, бүгінге дейін түсірген фильмдеріңіздің ішінде жаныңызға айрықша жақыны, көңіліңізден шыққаны қайсы?
– Білесіз бе, бұл жағынан келгенде мен жолы болған бақытты адам шығармын. Фильмографиямдағы әр фильмім өзім үшін бірі екіншісіне ұқсамайтын қызықты эмоцияға толы жобалар болды. Қайталанбас әсер алдым. Әрқайсысының көңілімде өзіндік орны бар. Мен барлық фильмімді жақсы көремін. Десек те, әлі ыстығы басылып үлгермеген әрі түсірілім барысында тың тәжірибелерге бастамашы болған дәл қазіргі сәттегі ең ауқымды жұмысым болғандықтан да шығар, бүгінге дейін түсірген фильмдерімнің ішіндегі ерекшесі де, қиыны да – «Томирис» болды деп ойлаймын.
– Түсірілім жұмысына шетелдік мамандар тартылды ма?
– «Томирис» – толығымен отандық өнім. Тек қана компьютерлік графика саласы мамандарының көмегін шетелден қабылдауға тура келді. Қалған жұмыстың барлығы толығымен Қазақстанда атқарылды. Тіпті Вавилонды, ондағы Кир патша сахнасын әу баста Марокко жерінде түсіреміз деп ойлаған болатынбыз. Бірақ соңында ақылдаса келе Оңтүстік Африка құрлығындағы түсірілімнен бас тартып, іргелі жұмысты елде атқаруға бел байладық. Бұл шешім, біріншіден, қаржыны айтарлықтай үнемдесе, екіншіден, отандық кино өнерінің дәл қазіргі сәтте ешбір мемлекеттен кем емес екендігін көрсеткіміз келді. Фильмнің қоюшы суретшісі Қуат Тілеубаев бастаған суретшілер тобы «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы түсірілім алаңында қартинаға қажетті барлық декорацияны жасап шықты. Сөйтіп, Вавилонды іздеп алысқа ат арытпай-ақ, туған жердің төрін тиімді пайдаландық. Осы орайда түсірілім басталғаннан аяқталғанға дейін менімен бірге жүріп, барлық бастамама мүдделес бола білген шығармашылық командама, актерлерге алғысым шексіз. Әсіресе, Жайдарбек Күнғожиновтің «Nomad» жаттықтыру лагерін айрықша атап өткім келеді. Айтулы орталық бізге ойдағы жұмыстарымызды толығымен іске асыруға кең мүмкіндік ашып берді. Бұлар шын мәніндегі ұлтымыздың мақтанышы. Елімізде осындай орталықтың барына қуаныштымын.
– Томиристей тарихи кесек бейнені кәсіби емес актрисаға беруге жүрексінбедіңіз бе?
– Сұрағыңыз орынды. Қорқыныш болды. Томирис рөлі Әлмираның дебюттік жұмысы болғандықтан, әлбетте күмәннің болуы да заңдылық деп ойлаймын. Рас, 100 пайыз сенімді болдым деп айтпаймын. Күдік те, қорқыныш та болды және оның болғаны да дұрыс. Соның арқасында жауапкершілік күшейеді. Алайда, ондай сезім кәсіби актермен жұмыс істегенде де туады. «Көз – қорқақ, қол – батыр» демекші, жұмысты нақты бастап кетпейінше кіммен жұмыс істесең де, сенімсіздік титтей де сейілмек емес. Сондықтан тәуекел дедім. Жалпы, бұл мен үшін алғашқы тәжірибе емес. «Рэкетир» фильміндегі бас кейіпкерді бейнелеген Саят Исембаевтың да кәсіби білімі болмаған. Сондықтан Әлмираға да сендім.
– Құпия болмаса, ең жоғары қаламақы кімге төленді? Іштей Томириске болар деп топшылап отырмыз...
– Жоқ, жоғары қаламақыны Кирдің бейнесін жасаған Голливуд актері Гасан Масуд алды. Мен Гасанға айрықша тоқталып өткім келеді. Ридли Скоттың «Аспан патшалығы» фильмінде Саладин патшаның рөлі арқылы танылған голливуд актері шын мәнінде өз ісінің шебері, үлкен актер. Оны Кир патшаның рөлі арқылы тағы бір мәрте дәлелдеді. Гасан Масудпен шығармашылық тандем отандық актерлер үшін үлкен тәжірибе болды деп ойлаймын.
– Сонда Кир патшаға лайық актер Қазақстаннан табылмағаны ма? Неге шетелдік маманның көмегіне жүгіндіңіз?
– Рас, ондай ой әуелде менде де болды. Кирдің рөліне кастинг жарияланған сәтте ең бірінші отандық актерлерді байқап көрдім. Бірақ қанша тырысса да экраннан қазақ екендігі бәрібір көрініп тұрды. Көңілімдегідей болмады. Сөйтіп шекаралас орналасқан көрші Өзбекстан мен Тәжікстанның әртістеріне Кир патша рөлінде көрінуіне мүмкіндік беріп байқап көрдік. Олар да ішкі ойымызбен қабыспады. Көксегеніміздей типтік бейнеге жолықпадық. Оның үстіне ұзақ ойлануға уақыт та тапшы еді. Сол себепті голливуд шеберінің көмегіне жүгінуге тура келді. Гасан мықты актер ғана емес, жақсы адам да. Түсірілім барысында тез тіл табысып, жылы қарым-қатынаста тарқастық. Өкінішке қарай фильмнің премьерасына келе алмады.
– Алда тағы қандай шығармашылық жоспарларыңыз бар?
– Дәл қазір «Боксер» фильміне дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Фильм идеясы әу баста олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің өміріне арналған еді. Бірақ кейін ақылдаса келе Серіктің өмірбаянын негізге ала отырып, боксшылардың жалпы жиынтық бейнесін жасауды ұйғардық. Яғни чемпион өмірбаянын арқау ете отырып, барлық боксшыға ортақ туынды жасап шығармақ ойымыз бар. Көрермендерімізге, әсіресе өскелең жас ұрпаққа партиоттық рух беретін спорттық драма жанрындағы ғұмырбаяндық фильм болады деп күтілуде. Қазір түсірілімге дейінгі дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жалпы түсірілім ақпан айына жоспарланып отыр. Әзірге айтарым осы. Қалғанын фильм жарыққа шыққан соң көрерсіздер.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Назерке ЖҰМАБАЙ
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар