Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Ақтауда «Жаңғыру елшілері» іс-шарасы өтті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 – «Жастар жылы» аясында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру ешілері» атты екікүндік іс-шарасын ұйымдастырды.

Ақтауда «Жаңғыру елшілері» іс-шарасы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының сарайында өткен шараға қатысушылар «Жаңғыру елшілерінің миссиясы», «Мотивацияның тиімді инструменттері» және «Ұжымдық мәдениет» атты өзекті үш тақырып бойынша дәріс тыңдады.

Аталған тренингтерді жоғары деңгейде өткізу мақсатында, «Қоғамдық келісім» КММ-сі Алматы қаласынан «ABRIS» тренинг орталығының директоры, Халықаралық Эриксон университеті алтын сертифкатының (ACSTH) иегері Мергембаев Ақан Орымбайұлын шақырған болатын.

Тренингтер барысында қатысушылар IQ-пазлдар, форсаж, Marshmallow Challenge сынды әртүрлі дамыту ойындарына, шешендік өнерінің шеберлік сыныптары менкоуч-сессияларға қатысты.

Әртүрлі салада жұмыс жасайтын жастарды маңызды білім мен әдіс-тәсілдерге үйрету арқылы, оларды Қазақстан Республикасының дамуына өз үлестерін қосуға ынталандыру мақсатындағы шара қатысушы жастардың қызығушылығын тудырды.

 

 

Маңғыстау облысы