Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Ақтауда қарттар шахмат ойнаудан сайысқа түсті

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахмат жарысы өтті. Іс-шараға облыстық Ассамблея жанынан ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шара жас әнші Саакян Арменнің «Менің елім және Елбасы» әнімен басталды.

Ақтауда қарттар шахмат ойнаудан сайысқа түсті

Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Аманкүл Әбдіғалиқызы және осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Биркле Фатима ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барасында ардагерлерге арналған медицина бұрышы жұмыс жасады. Арнайы мамандар қариялардың қан қысымын өлшеп, кеңестер берді.

Ардагерлердің көңілін сергіткен аталмыш іс-шара өте қызықты да тартысты өтті.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды Ким Юрий, ІІ орынды Муртазин Хазен, ІІІ орынды Кенжебеков Тағанияз иеленді. Жеңімпаз ардагерлер облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан марапатталды.

- Қарттар – қазынамыз. Оларды ардақтау – ұрпаққа парыз. Қарттар күні аясында біз облысымыздың бірқатар қартын «Достық» үйіне қонаққа шақырып, ақыл-кеңестерін тыңдап, мүмкіндігімізше сый-сияпат жасап, көңілді отырыс сыйлауға тырыстық. Кішілерге қашанда ізетпен қарайтын аға буын өкілдеріне біздің шақыртуымызды қабыл алып, арамызға келгендігі үшін ризамыз. Қарттарымыз аман-сау жүрсін, - дейді шараның ұйтқысы болған Манғыстау облысының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина.

 

 

Маңғыстау облысы