Экономика • 01 Қазан, 2019

Қостанайлық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар WORLDFOOD MOSCOW көрмесінен алтын және күміс медальдармен оралды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің астанасында қыркүйек айының 24-27 жұлдызы арасында өте ауқымды күзгі азық-түлік көрмесі өтті. Бұл ірі шараға әлемнің 65 елінен 1764 компания қатысты. Олардың арасында «Милх», «ДЕП», «Лидер 2010» сүт зауыттары мен «Баян Сұлу» кондитер фабрикасы да болды. 

Қостанайлық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар WORLDFOOD MOSCOW көрмесінен алтын және күміс медальдармен оралды

«Күшті бәсекеге қарамастан біздің облыстан апарған өнімдер лайықты бағасын алды. Көрме қорытындысы бойынша «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 алтын, 1 күміс медаль алды. Ал «Баян сұлу» АҚ 3 күміс медальмен марапатталды» дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

«Милх» компаниясы алтын медальді «Новый день» сауда маркасымен ұсынған екі түрлі «Пломбир» балмұздақтары, ультрапастерленген сүт және «Дәстүрлі сары май» үшін алтын алды. Ал күміс медальге «Сливочный» деп аталатын балқытылған ірімшік лайық деп табылды.

«Бүгін өте көп аталымы бар сүт тағамдарының арасынан тұтынушы табиғи дәмі және пайдалы қасиеті бар өнімге ғана маңыз береді. Біз 100-ден артық аталыммен сүт өнімдерін өндіреміз. Соның әрқайсысы бағалы» дейді сүт зауытының директоры Сергей Блок. 

Сүт зауытында балмұздақтар әлемдік бренд саналатын жабдықтар арқылы өндіріледі, мемлекеттік стандарттар қатаң сақталады. Кәсіпорын өнімінің алтынға бағаланғаны да сондықтан. Кәсіпорын басшылығы мен мамандары ірі көрмеге қатысқанын аса зор жетістік санап отыр. Бұл зауыт өнімін танытуға жасалған зор мүміндік.

 

Қостанай