Қоғам • 01 Қазан, 2019

А.Көлгінов «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын құттықтады

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі А. Көлгінов «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын  мекеменің құрылғанына 11 жыл толуымен құттықтап, ондағы техниканың қысқа дайындық барысын да қарап шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлайды.

А.Көлгінов «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын құттықтады

Жұмысқа қолайлы жағдай жасап, қала тазалығын одан әрі жақсартып, қолдау мақсатында қосымша 120 бірлік техника алынады. Арнайы техникалар «Астанаэнергосервис» АҚ-ын таратудан үнемделген қаржы есебінен сатып алынады.

«Кәсіпорын құрылған уақыттан бастап, сіздер өте маңызды міндетті атқарып, елордамыздың тазалығын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосып келесіздер. Қыстың аязы мен жаздың ыстығына, қар мен жаңбырға қарамастан таңның атысынан кеш батқанға дейін қала жайлылығы үшін еңбек етіп жүрсіздер.   Сіздердің осы еңбектеріңіз бен осындай жұмыс қабілеттеріңізге қарап, біздің көптеген тұрғындар, әсіресе балалар үлгі алады деп ойлаймын. Алдымыз қыс, жылу маусымы. Жұмыс ауқымы ұлғаяды. Біз сіздерді қашан да қолдаймыз. Қысқы тазалық жұмыстарын жүргізуде жеңіл болу үшін биылғы жылы 120 бірлік жаңа техника сатып аламыз. Біздің жұмысшыларымыздың жұмыс жағдайларының жақсы болғанын қалаймыз»,- деді А. Көлгінов. 

Қала әкімі қаланың өсіп, оған қоса тұрғындардың да талабы артып отырғанын айтып, автопарктердің мүмкіндігінше жаңарып отыратынын атап өтті. А. Көлгінов жұмысшыларға атқарып жүрген қиын да күрделі жұмыстары үшін алғыс айтып, денсаулық, отбасылық амандық-саулық тіледі.