Қазақстан • 02 Қазан, 2019

Құқығымызды қорғау – басым бағыттың бірі

20 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауында саяси жүйені жетілдіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және оларды әлеуметтік қорғау, өңірлерді дамыту салаларындағы міндеттермен қатар, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды айқындады.

Бұл ретте Қазақстан Прези­денті азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды кү­шей­­тудің басты факторы ретін­де сот және құқық қорғау жүйе­ле­­рін терең реформалауды жөн санайды.

Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мүддесінде сот шешімдерінің сапасын жақ­сарту бойынша бірқатар маңыз­ды шараны жүзеге асыру тап­сырылды, оның ішінде сот прак­ти­касының біркелкілігін қамта­масыз ету, әкімшілік әділет­тілік енгізу, жеке тұлғаға қарсы ауыр қыл­мыстар үшін жазаны кү­шей­ту, сондай-ақ сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы жүйелі күрес мәселелері бар.

Азаматтарды табиғи құ­­былыстар мен техногендік апат­­­­тардан қорғау мәселелеріне ерек­­­­ше назар аударылады. Сон­дай-ақ жаңа тұжырымдама негі­зін­­де жауы­нгерлік қабілетті іс­­­­­кер­­­­ді қа­лып­­тастыру міндеті қойылды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Арыстағы оқиғалар Қарулы Күштерде елеулі күрделі мәселелер жинақталғанын көр­сетті». Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәселелердің бар еке­ніне әскери бөлімде жарылыс болған соң Арыс қаласына келген кезде көз жеткізді.

Ел Үкіметі екі жыл бұрын берген талаптар – 2017 жылы Қорғаныс министрлігі мен басқа да осындай объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ведомстволары жөніндегі талаптары осы әскери бөлімде орын­­далмаған. Бұл төтенше жағ­дай­дың салдарын жоюға Үкімет резервінен ғана 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, ал тұрғын үйлер мен басқа да объектілерді қалпына келтіру үшін облыстар бюджеттерінен және басқа да көздерден қаражат жұмсалды.

Қазақстан Президенті бар­лық әскери шығындарды ретке келтіруді, әскердегі қаржы­лық және жалпы тәртіпті нығайту­ды, әскери қызметтің беде­лін арт­тыруды, қарулы күштер­дің материалдық жарақтан­дыры­луын талап етті.

Бұл талаптар түрлі салалар­дағы ауқымды міндеттерді ал­дағы уақытта іске асыруды еске­ре отырып, ерекше өзекті­лік­ке ие болады. Бүгінгі күні Қазақ­станның әлеуметтік-экономи­калық дамуында белгіленген ме­желерге табысты қол жеткізуі мемлекеттік қаражаттың дұрыс жұмсалуына байланысты.

Қазақстан әскері үшін жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі ІЖӨ-нің шамамен 1 пайызын құрайды. Сәйкесінше, бұл қара­жат тиімді жұмсалуы тиіс.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жол­дауында белгі­ленген мін­дет­тер аясында халықаралық ахуал­дағы өзгерістер сипатына, сондай-ақ елдің нақты эко­но­ми­калық және әскери мүмкін­дік­теріне сәйкес келетін ұтымды әскери саясатты әзірлеу ерекше маңызға ие болады. Бұл рет­те біздің еліміздегі әскери құ­ры­лыс барысында шешілетін негіз­гі міндеттердің бірі Қарулы Күш­тердің сапалы параметрлерін арттыру болуы тиіс, олардың ішіндегі ең маңыздысы – біздің әс­ке­рі­міздің жауынгерлік дайын­­дығы мен жауынгерлік қабілет­тілігінің деңгейі.

Бұл міндетті орындау біздің әскеріміздің жаңа геосаяси жағдайда ел қауіпсіздігіне төне­тін қауіп-қатерді тойтаруға да­йын­дығын қамтамасыз етеді.

 

Георгий ДУБОВЦЕВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ-дің бас ғылыми қызметкері, әскери ғылымдар кандидаты, доцент

 

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар