Руханият • 02 Қазан, 2019

«Алтын адам» – Малайзияда

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзия астанасы Куа­ла-Лумпурде Ұлттық музей­дің «Ұлы дала: тарих және мә­дениет» атты тұң­ғыш көр­месі құрметіне Көк туымыз көтерілді. Өркениетті елдің төрінде көк байрағымыздың жел­бі­реуі малай халқының қазақ халқына көрсетілген зор құр­меті, елімізге деген сү­йіс­пеншілігі ретінде баға­лануда.

«Алтын адам» – Малайзияда

Аталмыш көрме 1 қазан күні «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» халық­аралық көрмесі жобасы­ның аясында Ма­лайзиядағы Куа­ла-Лумпур музейлерінің де­пар­­таментінде ашылды.

Осыған дейін халық­ара­лық көрме Беларусь, Ре­сей, Әзербайжан, Қытай, Поль­­­ша, Оңтүстік Корея, Өз­­­­­бекстан, Солтүстік Ма­­кедония және Түркия му­зей­лерінде өтіп, шетел­дік­тер Қазақ­станның та­рихи-мәдени бай мұрасы мен таңғажайып тарихына тәнті болды. Әсіресе еліміздің ең құнды жәдігері – бүкіл әлем­ге танымал «Алтын адам­ға» аса мән берілді.

Бір айға созылатын көр­­­­ме барысында Ұлттық му­зей қорынан бас-аяғы 346 жәдігер ұсынылмақ. Ал Қазақстан мен Малай­зия­ның арасындағы мәде­ни байланыстарға келсек, екі елдің өзара ұқсас­тығы – көпэтносты және көп­са­­лалы мемлекет сана­ла­тын­дығында. Ел астанасы – Куала-Лумпур зәулім ғи­мараттарымен көз тартады. Әсіресе орта­лығына ор­на­ласқан қос мұ­­нара биік­тігі жағынан дүние жүзі бойынша ең биік ғимарат болып есептеледі. Үшкір тұмсығы көк тіреген сәулет туындыларын көзбен көрген турис­тер мұнара Нью-Йорктегі Эмпайр Стейт Бил­динг ғи­мараты мен Чика­гоның зәу­лім үйлерінен де асып түседі дегенді алға тартады. Қазақстан үшін сондай теңдессіз туынды, рухани жауһар болып саналатын «Алтын адам» да Куала-Лумпурді ғажайып әсерге бөлеп, тағылымы те­рең тарихтың тылсым сырына жетелейді деген ойдамыз.  

 

Қаршыға КҮЛЕН