«Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт адамдарды әлеуметтік қолдауға 7 миллиардтан астам теңге бөлу жоспарлануда. Біржолғы материалдық көмекке – 3,2 млрд. теңге, қоғамдық көліктерде жеңілдетілген жол жүру ақысына – 471,2 млн. теңге, дәрі-дәрмекпен жеңілдікпен қамтамасыз етуге – 352,4 млн. теңге, тіс протездеуге – 187,5 млн. теңге, 2 млрд. теңге, үйді жөндеуге – 19,8 млн. теңге, отынмен қамтамасыз етуге – 176,1 млн. теңге, азық-түлік пакетін ұсынуға – 341,3 млн. теңге, басқа да көмек түрлеріне – 636,8 млн. теңге»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов.
Ол, сондай-ақ аға буын өкілдері – елдің алтын қоры, салт-дәстүрдің қорғаушылары, отансүйгіштіктің, адалдықтың, шыдамдылық пен оптимизмнің үлгісі болып табылатынын атап өтті.
«Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де іске асырылады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдас бөлігі зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады», – деді Ақмади Сарбасов.
1998 жылы Қазақстан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалауды бастап, ұрпақтардың біртіндеп ынтымақтасуының әлеуметтік қағидаларынан жеке зейнетақы жинақтары қағидатына көшті. Қазақстанда жүргізілген реформаның нәтижесінде базалық, бірлескен және қаржыландырылатын құрамдас бөліктерді қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.
Базалық деңгейде зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға базалық зейнетақы төленеді (ер адамдар – 63 жас, әйелдер – 59/63 жас). 2018 жылғы 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтіліне байланысты болады. Осыған байланысты орын алған барлық зейнеткерлерге базалық зейнетақы қайта есептелді, оның нәтижелері бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде – 46,7% алушылардың 74-тен 100%-ға дейін, ең төмен күнкөріс деңгейінің – 43,2% алушылардың 56-дан 74%-ке дейін, ең төмен күнкөріс деңгейінің – 7,4% алушылардың 54%, ең төмен күнкөріс деңгейінің – 2,7%-ға дейін алды.
«Бұл шара еңбек өтілі үлкен, бірақ зейнетақының төмен (немесе ең аз) мөлшері жағдайында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, оның мөлшерін анықтауға бірыңғай көзқарасты белгілеуге, зейнетақы жүйесіне қатысуды және еңбек қатынастарын формальдауды ынталандыруға мүмкіндік берді», – деп атап өтті вице-министр.
Жыл сайынғы ең төмен күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты базалық зейнетақының мөлшері де артып келеді. Осылайша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы 5% -ға өсіп отыр.
Екінші міндетті деңгейде ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы төленеді. Ағымдағы жылы ынтымақты зейнетақы инфляциядан 2%-ға оза отырып, 7% -ға өсіп отыр. Бұл өсім 2 миллионнан астам зейнеткерге оң әсерін тигізді. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемін ескере отырып зейнетақының орташа мөлшері 85 679 теңгені құраса, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 52 145 теңгені құрады.
Жинақтаушы зейнетақы ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшері шегінде қызметкердің табысынан ұсталатын жұмыс берушілердің 10% міндетті зейнетақы жарналары есебінен және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс берушілер төлейтін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 5% есебінен қалыптастырылады.
Үшінші деңгейде зейнетақы төлемдері қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ерікті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.
Қабылданған шаралар жоғалған кірістердің орнын Халықаралық зейнетақы ұйымының (40%) ұсынымынан төмен емес зейнетақы төлемдерімен алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, ол 2019 жылғы 1 қыркүйекте 52,7% құрады.
Бүгінде Қазақстанда жасы бойынша 2 млн 190 мыңнан астам зейнеткер тұратынын естеріңізге саламыз.