Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Жаңаөзеннен Ақтауға 338 отбасы көшірілмек

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеңес кезінде Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңаөзеннен Ақтауға 338 отбасы көшірілмек

Қала халқының тығыз орналасуына байланысты оларды Ақтау қаласына көшіруге шешім қабылданып, бүгінгі таңда 388 отбасы көшіріледі деп жоспарлануда. Бұл тұрғындардың барлығының ағымдағы статусына талдау жүргізілді.

Енді жаңа Жоспарға сәйкес 2020-2024 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы тұрғындарын Ақтауға көшіру үшін 10 000 пәтер салу қарастырылды. Бұл үйлер құрылысы Ақтау қаласындағы жаңа 13 шағын аудандарда жүргізілетін болады.

-Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жасалып жатқан жұмыстар одан әрі де жалғаса беретін болады. Жергілікті атқарушы орган ретінде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарға уақытылы ден қою, қажетті шешімдерді жедел қабылдау, өңірімізде экономикалық және саяси тұрақтылықты сақтау, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру жолында үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да институттармен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз, деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Трұмов.