Медицина • 03 Қазан, 2019

Алматыда асқазан ауруларының Орталық-Азиялық конгресі өтіп жатыр

301 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда VI Халықаралық «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» конгресі (ОАГА) өз жұмысын бастады. Конгреске қатысу үшін Алматы қаласына 500-ден астам делегат, оның ішінде алыс және жақын шетелдерден 75 лектор, гастроэнтерологтар, терапевтер, инфекционистер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатрлар, онкологтар, зертханалық және функционалдық диагностика саласындағы мамандары келді. 

Алматыда асқазан ауруларының Орталық-Азиялық конгресі өтіп жатыр

Конгресске қатысушылар асқазан-ішек жолы ауруларын анықтау мен оның алдын алу мәселелерін, ауру көрсеткішін төмендету жолдарын, АІЖ қатерлі ісікке жеткізбей емдеу, гастроэнтерология саласында зақымы аз хирургиялық көмек көрсету, оның ішінде бауыр трансплантациясы мәселелерін талқылап отыр. Сондай-ақ аймақ клиникаларындағы жаңашыл емдеу тәсілдері мен оларды енгізу туралы ақпараттармен бөліседі.

Бүгінде ас қорыту жолдарының кеселі мүгедектік пен өлім-жітім статистикасында негізгі аурулардың алғашқы бестігіне кіреді. Созылмалы вирустық гепатит (СВГ) және оның барлық даму кешені – фиброз, цирроз және гепатоцеллюлярлық карцинома ерекше әлеуметтік маңызға ие. Ауру дүниежүзілік ауқымда қоғам денсаулығына қауіп төндіріп отыр.

Тек 2019 жылдың 9 айындағы мәліметтер бойынша, Қазақстанда созылмалы С гепатиті бар 27,645 мың науқас, созылмалы В гепатиті бар 19,333 мың науқас (дельта-агенттерсіз) және созылмалы Д гепатиті бар 1,290 мың науқас (дельта-агентпен ХГВ) есепте тұр. 2018-2019 жылдары 13 405 науқас вирусқа қарсы терапия алған. Биыл С вирусты гепатитімен ауыратын 11 мың науқасқа және В гепатитімен ауыратын барлық мұқтаж науқастарға жаңа режимдермен вирусқа қарсы терапия өткізу жоспарлануда.  

Вирусты гепатитпен күресу қажеттілігін түсіне отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2016-2021 жылдарға вирустық гепатит бойынша денсаулық сақтау секторының Жаһандық стратегиясын қабылдады. Стратегияның мақсаты – 2030 жылға қарай халық денсаулығына қауіп төндіретін ауыр дерт ретінде вирустық гепатитті жою. ДДСҰ стратегиясына негізделе отырып, көптеген мемлекеттер өздерінің ұлттық жоспарларын қабылдады, біздің ел де шетте қалмады.

Қазақстанда 2017 жылдан бастап Парентералдық гепатиттердің профилактикасы мен оның салдарын алдын алу жөніндегі жол картасы іске асырылуда. Жол картасы аясында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, денсаулық сақтау ұйымдарыныңкадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын күшейту, созылмалы вирустық гепатиттердің зертханалық диагностикасының қол жетімділігі мен сапасы жоғарлату, созылмалы вирустық гепатиті асқынған науқастарды қоса медициналық көмек алуға қол жетімділікті қамтамасы етужүргізілуде. Профилактикалық жұмысқа үлкен назар бөлінеді.