Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Елорданың автопаркі 100 жаңа автобуспен толығады

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана LRT» ЖШС елордаға жаңа 100 электроавтобус сатып алынатыны туралы мәлімдеді. Сатып алынатын көліктің артықшылықтары туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды.  Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.


Елорданың автопаркі 100 жаңа автобуспен толығады

«Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, жаңа жайлы дыбыссыз автобустарды сатып алу елордадағы қоғамдық көлік қозғалысының қозғалыс уақытын азайтып, соның нәтижесінде тұрғындарға қажетті автобусты аялдамада көп күту қажет болмайды.

Сондай-ақ ол автобустар ұлттық лизинг операторы «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы автобус паркін отандық өндіріс техникасымен жаңарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынатыны айтты.

«Лизинг мерзімі жылдық 7% сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылды құрайды. Бұл Қазақстандағы лизингтік мәмілелер үшін ең төменгі мөлшерлеме. Айта кетерлігі, лизингтік қаржыландыру теңгемен жүргізіледі, бұл қазіргі жағдайда тұрақтылыққа кепілдік береді», - деп атап өтті Игенбердинов. Аталған жобаны іске асыру жергілікті бюджетке салық төлемдері есебінен ақшалай түсімдерді ұлғайтуға, оларды пайдалану кезінде де қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар автобус парктеріне дизельдік аналогпен салыстырғанда шамамен 80% - ды отын  үнемдеуге көмектеседі. Елордалық автопаркке Yutong ZK6128BEVG электробустарын «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жеткізетін болады. Мұндай электроавтобустың   1 бірлігінің құны 146 712 333 теңге, бұл бүгінгі күнгі бағам бойынша шамамен 388 мың АҚШ долларын құрайды. 

Yutong автобустары экологиялығымен, маневрлігімен, жолаушылар үшін жайлылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ барлық халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай.  12 метрлік автобустар төмен еденді болып келеді  және 350 км жол қоры бар литий-темір-полимерлі батареямен жабдықталған. Батареяның қызмет ету мерзімі 10 жылды құрайды. Батареяға кепілдік – 8 жыл, электрқозғалтқышқа – 5 жыл.