Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1696
Сенбі, 23 ақпан 2013 5:20
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
Сенбі, 23 ақпан 2013 5:20
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларын (аяларын) дамыту үрдiстерiн талдау» деген бөлімде:
«1. Нәтижеге бағдарланған бюджетті қалыптастыру» деген стратегиялық бағытта:
мынадай мазмұндағы отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«Кәсіпорындардың қызметін оңтайландырудағы маңызды рөлді электрондық құжат айналымының заманауи жүйелері атқарады. Кез келген салық төлеушінің қызметіндегі негізгі құжаттардың бірі шот-фактура болып табылады. Оларды жазып беру талаптары мен жазып беру мерзімдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық кодексі)» туралы Қазақстан Республикасының кодексінде регламенттелген. Іскерлік қызметтің электрондық құжат алмасу жолымен жүзеге асырылуы барған сайын жиілеу жағдайында дәстүрлі қағаз түріндегі шот-фактуралар кедергі болады және оларды пайдалану кезінде ұйымдар оператордың еңбек шығындары, қағаз, принтер, жеткізіп беру, қомақты мұрағаттар, салық органдарына тоқсан сайын шот-фактуралар тізілімін табыс ету және т.б. сияқты айтарлықтай қосымша шығыстарға ұшырайды.
Мемлекет басшысы «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін құруды тапсырған болатын, оның мақсаты бизнес субъектілері арасындағы құжат айналымы шығыстары мен уақытын қысқарту, бизнес субъектілерінің қазынашылық органдарымен және салық органдарымен өзара ақпараттық іс-қимылын жақсарту, сондай-ақ жалған кәсіпорындардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Бүгінгі таңда бүкіл корпоративтік ақпараттың 30%-ға жуығы электрондық түрде сақталады. Қалған ақпараттың барлығы (70% -ға жуық) қағаз түрінде сақталады, оны іздеу кезінде едәуір қиыншылық туғызады, солай болса да, бұл ара қатынас біртіндеп сақтаудың электрондық нысанының пайдасына өзгеріп келеді.
Құжат айналымы мен ақпараттың өңделуін бақылауды оңтайландыру мәселелері басты маңызға ие. Ақпараттық технологиялар мен өнімдердің тез дамып келе жатқан нарығы бүгіннің өзінде-ақ құжат айналымының корпоративтік жүйелерін, сол сияқты бизнес құрылымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылдары жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда салық есептілігі электрондық нысанда тапсырылатынын ескере отырып, бизнес құрылымдар электрондық шот-фактуралардың енгізілуіне дайын.
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік сектормен өзара іс-қимыл кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген орындалған жұмыстардың актілері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар мен өзге де бірқатар растаушы құжаттар пайдаланылады. Бұдан басқа мемлекеттік мекемелер өнім берушілердің пайдасына төлемдер өткізу үшін растаушы құжаттарды ұсынудан басқа, жеке – негіздеме құжат болып табылатын төлеуге берілетін шотты қалыптастыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерін жүргізу кезінде төлеуге берілетін шоттар мен төлем тапсырмаларын төлемнің негізділігін растаушы құжаттардың: шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрлерінің көшірмелері болуы тұрғысынан ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
Электрондық шот-фактуралар өз нысанында барлық қажетті параметрлерді көрсету арқылы жоғарыда аталған растаушы құжаттарды, сондай-ақ төлеуге берілетін шоттарды ауыстыруға, сол арқылы мемлекеттік сектор мен бизнес субъектілері арасында құжат айналымының санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Сондықтан Қазақстанда электрондық шот-фактураларды енгізу ірі бизнес үшін, сол сияқты орта және шағын бизнес үшін, сондай-ақ мемлекеттік сектор үшін де өзекті мәселе болып табылады. Қазір салық төлеушілер мен мемлекет өз күштерін Қазақстанда электрондық шот-фактураларды пайдалану практикасын енгізу үшін біріктіретін кез келді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттік сектордың шығындарын қысқарту мақсатында электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша бірыңғай оператор етіп Қазынашылық комитеті айқындалды. Қазынашылық комитетінің міндеті шот-фактураларды уақтылы және сапалы өңдеуге мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары ақпараттық жүйе құру болып табылады.
Бастапқы кезеңде электрондық шот-фактураларды мемлекеттік мекемелермен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, ал кейін – жеке сектормен өзара іс-қимыл жасау кезінде пайдалану жоспарланып отыр.
Электрондық шот-фактураларды енгізу Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.»;
қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу тоғызыншы бөліктер жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк сатып алуды «жалғыз терезе» қағидаты бойынша орталықтандыру және жүзеге асыру мақсатында «электрондық сатып алу» ақпараттық жүйесi – мемлекеттiк сатып алу веб-порталы құрылды.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту жалпы алғанда тиімді бәсекелес ортаның пайда болуына, сатып алу рәсімдерін жүргізген кезде сыбайлас жемқорлық көріністерін одан әрі төмендетуге, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету қажеттіліктеріне байланысты.
Сөйтіп, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен барлық мемлекеттiк сатып алулар электрондық форматта өткiзiлуде.
2011 жылдың екiншi жартыжылдығынан бастап тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалануға және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды электрондық форматта өткiзуге құқылы болды. 2012 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуды жүргізудің осы тәсілі электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы ғана жүргізіледі.
Сондай-ақ, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәсілі – аукцион енгізілді, ол мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында нақты уақыт режимiнде электрондық форматта ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк сатып алуды автоматтандыру бюджет қаражатын үнемдеудiң және мемлекеттiк сатып алу процесiн негiзсiз кiдiрту себептерiн жоюдың неғұрлым тиiмдi құралдарының бiрi болып табылады.
2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша порталда тіркелген қатысушылардың жалпы саны 189 131 құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп.
Өнім берушілердің саны 2010 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге өсіп, 99 567 құрады, оның ішінде 45 711 – заңды тұлғалар, 53 856 – жеке тұлғалар.
Келушілер саны – 48 492 320, оның ішінде абсолюттік бірегей келушілер – 4 790 003, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 3,3 есеге көп.
Порталға кірген әрбір келуші орта есеппен 20 парақтан қарайды. Келушінің сайтта болу ұзақтығы орташа 15 минутты құрайды.
2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барлық жүзеге асырылған сатып алудың жалпы сомасы 651 188,7 млн. теңгені құрады. Барлық жүзеге асырылған сатып алулардан шартты үнемдеу 30 391,3 млн. теңгені немесе барлық жоспарланған сатып алулардың 4,4% құрады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу сомасы – 58 375,1 млн. теңге. Осы тәсілмен жүргізілген сатып алулардан шартты үнемдеу 17 390,5 млн. теңге немесе 22,9%.
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк шеңберiнде Қазақстан Республикасы, Белоруссия Республикасы және Ресей Федерациясы арасында жасалған, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедегі Заңымен ратификацияланған Мемлекеттiк (муниципалдық) сатып алу туралы келiсiм (бұдан әрі – Келісім) мемлекеттік сатып алу жүйесінің дамуына әсер ететін негізгі сыртқы факторлардың бірі болып табылады.
Келісімде Тараптардың барлық мемлекеттері үшін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ұлттық режимді енгізу көзделген. Осылайша 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық кәсіпкерлер үшін Келісім елдерінің кәсіпкерлері қатарында Ресей мен Беларусьтың сатып алуларына қатысуға үлкен мүмкіндік пайда болады. Одан басқа, Келісім жалпы алғанда біздің елдегі бәсекелестіктің дамуына да ықпал ететін болады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесінің дамуына ықпал ететін ішкі факторларға барлық тауар түрлеріне мемлекеттік стандарттардың жоқтығын жатқызуға болады. Өйткені, тәжірибеде тапсырушылардың сатып алатын тауарлардың техникалық сипаттамасын құрастырған кезде қажетті тауарды шектен тыс егжей-тегжейлі сипаттау, яғни тапсырушыға алдын ала белгілі бір әлеуетті өнім берушілерде ғана бар тауарларға қойылатын талаптарды қою фактілері бар. Мұндай талаптар, біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлық сипаттарына ие және бәсекелестікті шектейді.
Бұдан басқа пайдаланушыларда порталмен жұмыс істеу дағдыларының болмауы, мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, порталда орналастырылған электрондық форматта сатып алуды жүргізу нұсқауларын білмеу, мемлекеттік сатып алу аясында Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзушылықтарына, порталда қалыптасатын есеп деректерінің бұрмалануына, сондай-ақ пайдаланушылардың портал жұмысына наразылық келтіруіне әкеп соғады, бұл жалпы сатып алудың тиісінше өткізілуіне және дәйекті нәтижелердің қалыптасуына әсерін тигізеді.»;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
Министрлік «электрондық үкіметті» дамыту шеңберінде министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызмет көрсетуді атқаруы бойынша әкімшілік рәсімді (бизнес – үдерістер) кешенді автоматтандыру «е-Қаржымині» ықпалдастырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жобасын іске асыруда.
«е-Қаржымині» БААЖ жобасының негізгі міндеті мемлекеттік қаражатты басқару жүйесін автоматтандыру, қаражатқа қатысты бүкіл бизнес – үдерістердің ықпалдастығын көздейтін, қаржы есептемесін нығайту, бюджетті орындауды бақылау, кірістерді, міндеттемелерді, қолма қол ақшаны ішкі және сыртқы борыштарды, тәуекелдерді, қаржылық аудитті мемлекеттік активтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ министрліктің өзге функцияларын басқару болып табылады.»
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар және iс-шаралар мен нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлімде:
«3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар және iс-шаралар мен нәтижелер көрсеткiштерi» деген кіші бөлімде:
«1. Нәтижеге бағдарланған бюджетті жетілдіру» деген стратегиялық бағытта:
«1.1. Бюджеттi жоспарлау сапасын арттыру:» деген мақсатта
мына:
«
Нысаналы индикатор Ақпа-
рат көзi Өл-
шем бiрлiгi Есептi кезең Жоспарлық кезең
2009 жыл (есеп) 2010 жыл (жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
«Мемлекеттiк бюджеттiң балансы (профицит/ дефицит)» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi Пози-ция 29 33 30 29 27 26 25
»
деген жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
Нысаналы индикатор Ақпа-
рат көзi Өл-
шем бiрлiгi Есептi кезең Жоспарлық кезең
2009 жыл (есеп) 2010 жыл (жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
«Мемлекеттiк бюджеттiң теңгерімі (профицит/ дефицит)» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi Пози-ция 29 16 12 16 16 16 16
»
«1.2. Бюджетті орындаудың сапасын, шығыстардың тиімділігі мен қаржылық тәртіпті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстау» деген мақсатта:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 073» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 060, 064, 073»:
мына:
«
Нысаналы индикатор Ақпа-
рат көзi Өл-
шем бiр-лiгi Есептi кезең Жоспарлық кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл (жоспар) 2011
жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014
жыл 2015
жыл
«Елiмiздiң төлем қабiлеттiгiнiң рейтингi» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция - 73 73 67 66 65 64
«Мемлекеттiк шығыстардағы ысырапшылдық» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция 52 55 51 50 48 47 46
«Аудит пен есептiлiк стандарттарының дәрежесi» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция 98 98 96 90 94 93 92
«Қабылданатын шешiмдердiң айқындылығы» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция - - 53 52 51 50 49
«Мемлекеттiк борыш» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция 11 7 11 14 16 16 16
Бюджет қаражатын игеруге қарағанда бюджеттiк бағдарламалардың тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзудiң ара қатынасы ҚР ҚМ есептi-лiк дерек-
терi % - - - 100 100 100 100
»
деген жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
Нысаналы индикатор Ақпа-рат көзi Өл-шем бiр-лiгi Есептi кезең Жоспарлық кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл (жоспар) 2011
жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014
жыл 2015
жыл
«Елiмiздiң төлем қабiлеттiгiнiң рейтингi» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция - 73 57 56 55 54 53
«Мемлекеттiк шығыстардағы ысырапшылдық» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция 52 50 31 31 31 31 31
«Аудит пен есептiлiк стандарттарының дәрежесi» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция 98 93 74 73 72 71 70
«Қабылданатын шешiмдердiң айқындылығы» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция - 53 32 31 31 30 30
«Мемлекеттiк борыш» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi По-
зи-
ция 11 7 11 14 16 16 16
Бюджет қаражатын игеруге қарағанда бюджеттiк бағдарламалардың тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзудiң ара қатынасы ҚР Қаржы-
мині есептi-лiк дерек-
терi % - - - 100 100 100 100
»;
«1.2.2. Мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттерi мен шоттарының орындалуына көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру» деген мiндетте:
«Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар» деген баған мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар Іске асыру мерзімі
2011
жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014
жыл 2015
жыл
Кейіннен Қазынашылықтың төлеуі үшін электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу (мемлекеттік мекеме және оның аумақтық бөлімшесі) - - х
-
-
Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өндеу жөніндегі ақпараттық жүйесі үшін серверлік жабдықты сатып алу - - х - -
»;
мынадай мазмұндағы мақсатпен толықтырылсын:
«1.4-мақсат «е-Қаржымині» ықпалдастырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру»:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 061»:
«
Нысаналы индикатор Ақ-парат көзі Өлшем бірлігі Нысаналы индикатор Ақпарат көзі
2009 жыл (есеп) 2010
жыл
(жоспар) 2011
жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014
жыл 2015
жыл
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген функциялардың жалпы көлемінен Қаржыминінің автоматтандырыл-
ған функцияларының (бизнес-процесстер) үлесі Есеп-
ті дерек-тер % - - - 30 50 100 -
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері:
1.4.1-міндет. Қаржы министрлігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі бизнес үдерістерін автоматтандыру
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері Ақпа-рат көзі Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2009
жыл (есеп) 2010
жыл (жоспар) 2011
жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014
жыл 2015
жыл
«е-Қаржымині» кіші жүйелерінің жұмысын қанағаттандыра-
тын тіркелген пайдаланушылар-
дың үлесі Есеп-
ті дерек-тер % - - - 15 17 19 -
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу іс-шаралары іске асыру мерзімі
2011
жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014
жыл 2015
жыл
«е-Қаржымині» ИААЖ кіші жүйелерін тәжірибелік падалануға кезең-кезеңімен енгізу х х - - -
«е-Қаржымині» ИААЖ құрамдас бөліктерінің функционалдығын дамыту және кеңейту - - х х -
»;
«2. Салықтық және кедендік жүйелерді жетілдіру» деген стратегиялық бағытта:
«2.1. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту» деген мақсатта:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 036, 072» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 036, 072, 040»;
мынадай мазмұндағы нысаналы индикаторлармен толықтырылсын:
«
Нысаналы индикатор Ақпа-рат көзi Өл-шем бiр-лiгi Есептi кезең Жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(жоспар) 2011
жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014
жыл 2015 жыл
Салық қызметі органдарының құзыретіне жататын республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша болжамның орындалуы Факт / бол-
жам * 100 % - - - 100 100 100 100
Ұлттық қорға бағытталатын салықтық түсімдер бойынша болжамның орындалуы Факт / бол-
жам * 100 % - - - 100 100 100 100
»;
«2.1.1. Салықтардың толық түсуiн қамтамасыз ету» деген міндетте: «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар» деген бағанда:
мына:
«
Тiкелей нәтижелердің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн iс-шаралар iске асыру мерзiмi
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Салық қызметінің құзыретіне жататын республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша болжамның орындалуын қамтамасыз ету х х х х х
Ұлттық қорға жіберілетін салықтық түсімдер бойынша болжамның орындалуын қамтамасыз ету х х х х х
»
деген жолдар алынып тасталсын;
2.1.2. «Ұсынылатын салықтық қызмет көрсетулердің сапасын арттыру» деген міндетте:
«Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткiзу үшiн іс-шаралар» деген бағанда:
«
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн iс-шаралар iске асыру мерзiмi
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Салықтық декларацияларды қабылдау және өңдеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру - х - - -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнiң Салықтық декларацияларды өңдеу орталықтарын салу және енгiзу жөнiндегi жобаны iске асыру - х х х х
Салықтық қызмет көрсетулердiң жалпы санындағы электрондық және iшiнара автоматтандырылған салықтық қызметтердiң үлесiн кемiнде 20 % деңгейiнде ұстап тұру х х х х х
Салық органдарының 4 қабылдау және өңдеу орталықтарын салу х - - - -
Салық қызметi органдары көрсететiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу және енгiзу - х - - -
Салық қызметтерiн, оның iшiнде «электрондық үкiмет» порталы арқылы автоматтандыру - х х - -
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн iс-шаралар iске асыру мерзiмi
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарын (ҚӨО) салу жөніндегі бөлімшелерді құру - х - - -
Салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО) ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу - - х - -
Салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарын (ҚӨО) салу және енгізу жөніндегі жобаны іске асыру - х х х х
Бес салық органының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығын (ҚӨО) салу және пайдалануға беру - - - х х
Салық қызметтерінің жалпы санында электрондық және ішінара автоматтандырылған салық қызметтерінің үлесін кемінде 20% деңгейде ұстап тұру х х х х х
Салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және енгізу - х - - -
Салық қызметтерiн, оның iшiнде «электрондық үкiмет» порталы арқылы автоматтандыру - х х - -
»;
«2.2. Кедендік әкімшілендіруді жақсарту» деген мақсатта:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 014, 021» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 014, 021, 063»;
мына:
«
Нысаналы индикатор Ақпар-ат көзi Өл-
шем бiр-
лiгi Есептi кезең Жоспарлық кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл (жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
«Кедендiк рәсiмдердiң жүктемесi» бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң Жаһандық индикаторы ДЭФ БҚИ есебi Пози-ция 106 107 105 80 79 78 67
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Нысаналы индикатор Ақпар-ат көзi Өл-
шем бiр-
лiгi Есептi кезең Жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
«Кедендiк рәсiмдердiң жүктемесi» Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң индикаторы ДЭФ БҚИ есебi Пози-ция 106 102 77 76 75 74 73
»;
«5. Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы әрекет ету» деген стратегиялық бағытта:
«5.1. Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатында тиiмдi қаржылық мониторингтеу жүйесiн қалыптастыру» деген мақсатта:
мына:
«
Нысаналы индикатор Ақпа-рат көзi Өл-шем бiр-лiгi Есептi кезең (жыл) Жоспарлық кезең (жыл)
2009 жыл (есеп) 2010
жыл (жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Қазақстан Республикасының сәйкестік рейтингінің ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ (40+9) ұсынымына «Неғұрлым сәйкес» және «Сәйкес»-ке дейін бағалауын арттыру ЕАТ өзара бағалау есебi баға - - 13 13 18 18 23
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Нысаналы индикатор Ақпа-рат көзi Өл-шем бiр-лiгi Есептi кезең(жыл) Жоспарлық кезең (жыл)
2009 жыл (есеп) 2010 жыл (жоспар) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Қазақстан Республикасының ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (ФАТФ 40) қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестік рейтингін «Неғұрлым сәйкес» және «Сәйкес»-ке дейін бағалануын арттыру ЕАТ өзара баға-лау есебi баға - - 13 13 18 18 23
»;
«5.1.1. Қаржы мониторинг жүйесiн жетiлдiру» деген мiндетте:
мына:
«
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi Ақпа-
рат
көзi Өл-
шем бiр-лiгi Есептi кезең Жоспарлы кезең
2009
жыл
(есеп) 2010 жыл
(жоспар) 2011 жыл 2012
жыл 2013
жыл 2014 жыл 2015 жыл
«Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы» ҚР Заңында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қаржы мониторингі жүйесімен қамту ҚМК есептi-лiк дерек-терi % - 20 50 65 80 95 98
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн iс-шаралар iске асыру мерзiмi
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы - х - - -
Қаржылық мониторинг субъектілерінің және мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін оқыту семинарларын, кеңестер мен консультациялар өткізу х х х х х
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi Ақпа-рат
көзi Өл-
шем
бiр-
лiгi Есептi кезең Жоспарлы кезең
2009 жыл
(есеп) 2010 жыл
(есеп) 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Қаржы мониторингі субъектілерін қаржы мониторингі жүйесімен қамту ҚМК есеп-тiк дерек-тері
%
- 20 50 65 80 95 98
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшін iс-шаралар Iске асыру мерзiмi
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру - х х - -
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар өткізу х х х х х
Қаржы мониторингі субъектiлерi мен мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi үшiн оқу семинарларын, кеңестер мен консультациялар өткiзу х х х х х
Шетел мемлекеттерінің қаржылық барлау бөлiмшелерiмен ынтымақтастық туралы келiсiмдер, меморандумдар жасасу х х х х х
Қаржы мониторингі субъектiлерiнiң мониторингі х х х х х
»;
«5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қол жеткiзу үшiн ведомствоаралық өзара iс-қимыл талап етiлетiн мiндеттердің көрсеткiшi Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын шаралар
1 2 3
Қазақстан Республикасының Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарына сәйкестігі рейтингін арттыру БП, ҰҚК, ЭҚСКА, ІІМ, ЖС, ҰБ, СДША, ЭДСМ, Әділетмині, ККМ Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және институционалдық шараларды жетілдіру
»;
«6. Тәуекелдерді басқару» деген бөлімде:
«Сыртқы тәуекелдер» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларына және «Doing Business» Дүниежүзілік банктің рейтингіне қол жеткізбеу Бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі елдің позициясының төмендеуі Әлсіз және күшті жақтарын, қауіп-қатер мен мүмкіндіктерді уақтылы анықтау және тиісті ден қою шараларын қабылдау мақсатында бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан әлемдегі және елдегі үрдістерді мониторингілеу
Салалық мемлекеттік органдарда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған, олар бойынша мәліметтер Мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынылатын мемлекеттік мүлік объектілерін автоматтандырылған есепке алудың болмауы Мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алудың жекелеген объектілері бойынша ақпараттың болмауы Мемлекеттік мүлік тізілімінің 4 мемлекеттік органның (Әділетмині, ЖРА, ТЖМ және МАМ) ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету
Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарын және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзiрлеу тобының (ФАТФ) бағалау әдістемесін қабылдау Қазақстан Республикасының ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарына және ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзiрлеу тобының (ФАТФ) бағалау әдістемесіне сәйкестігі позициясының және Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топтың бағалаушылары позициясының төмендеуі Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топпен өзара іс-қимыл және заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы объективті деректерді ұсыну
Тау-кен өндіру саласындағы өнімге (феррахром, алюминий, мырыш, мыс және т.б.) әлемдік бағаның құлдырауы, сондай-ақ «0» ставка бойынша ҚҚС
автоқайтарулар РБ жоспарының орындалмауы Салық қызметі органдарының құзыретіне жататын республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша болжамның орындалуын қамтамасыз ету
»;
«Ішкі тәуекелдер» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Қазақстанда ҚСХҚЕС саласындағы мамандардың болмауы ҚСХҚЕС-ке сапасыз көшу тәуекелі
ҚСХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қазақстандық мамандарды оқыту, сондай-ақ оқыту үшін, оның ішінде халықаралық жобалар шеңберінде шетелдік консультанттарды тарту
Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып жою қаруын таратуға қарсы іс-қимыл бойынша тиісті мемлекеттік органдардың (БП, ҰҚК, ЭҚСКА, ІІМ, ЖС, ҰБ, СДША, ЭДСМ, Әділетмині, ККМ) халықаралық стандарттарды іске асырмауы
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарына сәйкестік көрсеткіштері бойынша рейтингісіндегі позицияларының төмендеуі Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл саласындағы заңнаманы және институционалдық шараларды жетілдіру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің уақтылы бекітілмеуі Ұсынылатын салықтық қызметтер көрсету сапасының нашарлауы Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне енгізілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттерін бекітуді қамтамасыз ету
»;
«7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.