Саясат • 04 Қазан, 2019

Сооронбай Жээн­беков Түркі кеңе­сінің Бас хат­шысымен кездесті

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Бішкекте Қыр­ғыз Рес­пуб­ликасының Прези­денті Сооронбай Жээн­беков Түркі кеңе­сінің Бас хат­шысы Бағдат Әміреевті қабылдады.

Сооронбай Жээн­беков Түркі кеңе­сінің Бас хат­шысымен кездесті

Кездесу барысында Бас хатшы Қыр­ғызстан басшысына алдағы 15 қазанда Бакуде өтетін кезекті 7-ші ТМЫК сам­митіне дайындық туралы, сондай-ақ Түркі кеңесі хатшылығының мүше елдері арасындағы түрлі саладағы ын­ты­мақтастықты институттық дамыту бойынша жүргізетін негізгі жұ­мыстары туралы хабарлады.

Б.Әміреев Президент С.Жээнбе­ков­ті бүгінгі мүше елдерде Түркі бір­лігі күні ретінде атап өтілетін ТМЫК құрылуының 10 жылдығымен және Қырғызстанның Ұйымға төра­ға­лығының жемісті әрі  сәтті аяқта­луымен құттықтады.

Президент Сооронбай Жээн­бе­ков алдағы келе жатқан Түркі Ке­ңесі­нің мерейтойлық саммитінің маңыз­дылығын атап өтіп, Өзбек­стан­ның Түркі кеңесіне толыққанды мүше болып кіруіне, сондай-ақ Ұйым мүше­лігінің кеңеюіне үлкен разылық біл­дірді. Сонымен қатар ТМЫК-ның Бу­дапештте Еуропалық кеңсесінің ашылуына және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың барысына зор қанағаттанушылығын айтты. 

Қырғызстан Президенті Түркі кеңесі хатшылығы жұмы­сы­ның өнім­ділігін бағалап, ынты­мақ­тастық­тың жаңа институттары – Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының, Инвес­тициялық қоры­ның құрылуы бойынша жүргізіліп жат­қан жұ­мыс­тардың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар кездесу барысында ал­дағы саммиттің күн тәртібіндегі мәсе­лелерді жан-жақты талқылап,  Түр­кі кеңесі аясындағы Қырғыз Респуб­ликасымен ынтымақтастық перспективалары бойынша пікір алмасты.

 

«Егемен-ақпарат»