«Береке» атауын иеленген жаңа шағын ауданда алдағы кезеңде 606 коттедж бой көтереді. Қазір 155 нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Алғашқы лекте толық дайын болған 100 үй қолданысқа берілді.
- Қала күнінде баспанаға мұқтаж адамдардың қуанышын бөлісіп отырмыз. «Нұрлы жер» бағдарламасы берілген коттедждерге көп балалы аналар мен үй кезегінде тұрған отбасылар қоныстанады. Жалпы, Талдықорған қаласында тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Жыл басынан бері 100,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, - деді тұрғындардың қуанышын бөліскен облыс әкімі Амандық Баталов өз сөзінде.
Алматы облысы