Қазақстан • 04 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда өтетін UNWTO-ның VIII жаһандық саммитіне 700-ден астам мейман қатысады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін UNWTO-ның  «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммиті өз алаңында 700-ден астам қатысушыны қабылдайды. Меймандардың арасында шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  


Нұр-Сұлтанда өтетін UNWTO-ның VIII жаһандық саммитіне 700-ден астам мейман қатысады

Жаһандық саммиттің спикері ретінде Pokemon GO ойынының жасаушылары, Куала-Лумпурдің сәулетшілері және тағы басқа қызықты тұлғалар қатысады. Елордада бүгінгі таңда жаңа технологиялар қолданылуда. Мысал ретінде гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік беретін жылы аялдамалар, күн батареялары мен велосипедтерге арналған тұрақты келтіруге болады. 

Осыған орай, UNWTO-ның  «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммитін қабылдайтын Нұр-Сұлтан қаласының таңдауы таңғалдырмайды. UNWTO – 1975 жылдан бастап БҰҰ жүйесіндегі беледі туристік ұйым. Шара қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде  еніп жатқан «ақылды  қалаларға» арналады. Ақылды қалалардың арқасында экологиялық қалалық инфрақұрылым, қылмыс деңгейін азайту, тұрғындар мен қалаға келетін туристердің өмірі жайлы және қауіпсіз болып отыр.

Саммитте ақылды қалалар жиі  тап болатын әлеуметтік-экономикалық проблемалар талқыланады деп жоспарланған. Бағдарламада UNWTO академиясы мен Халықаралық конгресстер және конференциялар (ICCA) қауымдастығы ұйымдастырған кездесу индустриясы бойынша шеберлік сағаттары бар.