Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Жаңа жұлдыздар жарқырайды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласында өткен республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауында Ақмола, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 25 орындаушы бақ сынады.

Жаңа жұлдыздар  жарқырайды

Жас әншілердің өнерін ҚР еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев, «Мәдениет са­ласының үздігі» төс бел­гі­сінің иегері Гүлмира Жу­куп­­баева және басқалар ба­ғалады.

Арқа төсін екі күн бо­йы әнге бөлеген бай­қау­дың бас жүлдесі Түркіс­тан облысынан келген Бах­тияр Ақылбекке бұ­йыр­ды. Бірінші жүлдеге шы­ғысқазақстандық әнші Әлия Әкенова лайықты деп танылса, екінші және үшін­ші жүлделерді, тиі­сінше Алматыдан келген Эльдар Омаров пен шым­кенттік Ди­дар Әбдухалық өзара бөлісті.

Республикалық «Жұл­дыз-2019» эстрадалық ән бай­қа­уының жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаз­дарымен және естелік мүсін­ші­лермен марапатталды.

Қарағанды облысы