Қазақстан • 07 Қазан, 2019

Smart Astana қосымшасында бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін анықтау бойынша сауалнама жүргізіледі

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін анықтау бойынша скрининг жүргізу бастамасын қолға алды. Бұл жұмысқа өңірлік әкімдіктер де атсалысуда. Сауалнаманы Smart Astana қосымшасы арқылы өтуге болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Smart Astana қосымшасында бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін анықтау бойынша сауалнама жүргізіледі

Сауалнаманың нәтижесінде бизнестің өздерінің немесе басқа өңірдің тұрғындарының сұранысын естіп, білмейтіні белгілі болды. Адамдар мен бизнеспен де сөйлесе білу керек. Қалалар мен ауылдарда тұратын тұрғындар бүгінгі күні толық пайдаланылмай отырған ақпараттың негізгі таратушысы болып табылады. 

Өңірді және оның аудандарын дамытудың негізгі тәртібі «жоғарыдан» келетіндіктен, заманауи қоғамның сұранысы мен оның цифландыру және ақпараттың кез келген түрінің қолжетімділігіне сай келмейді.

Осы орайда скрининг тиімді құрал ретінде пайдаланылады, себебі социология мен эконометриканы (экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысы және өндіріс пен тұтынудың нақты көрсеткіштері) Big Data технологияларын (Power BI, SPSS, ArcGIS) біріктіреді. Бұл өз кезегінде халықпен (сұраныс) кәсіпкердің  арасында корреляцияның көмегімен өңірді дамытудың экономикалық векторын құрастыру үшін ақылды шешімдерді табуға мүмкіндік береді.