Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларының барлық «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінде тәрбиеленушілер ұлан антын қабылдады. Салтанатты іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты.

Елордада орналасқан армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылданған 237 тәрбиеленуші салтанатты түрде ант қабылдады. Дәстүр бойынша ұландар Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара ұландарды алаңға тұрғызудан және мектеп туын кіргізуден басталды. Әскери мектеп тәрбиеленушілерінің маңызды оқиғасымен Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Тимур Дәндібаев құттықтады.
«Сіздер әрқашан тек кәсіпқой әскери қызметшілер ғана заманауи Армияның негізін құрайтындығын есте сақтауларыңыз қажет. Жас болғандарыңызға қарамастан, сіздер дұрыс жолды таңдадыңыздар. Адамның есеюі қоғамда өз орнын табумен, бастысы болашақ мамандықты таңдауға тікелей байланысты. Бұл үдерістен қалай өтетіндеріңіз сіздердің алдағы тағдырларыңызды айқындайды» деп атап өтті.
Бұдан кейін ұландар ант берді. Ант мәтінінде «Мен әскери мектеп тәрбиеленушісінің ары мен абыройын ардақтауға, мүлтіксіз тәртіп пен әскери кішіпейілдік ережелерін сақтауға, бар ынтаммен Отанымыз – Қазақстан Республикасын қорғауға өзімді дайындауға ант етемін», деп жазылған.
Салтанатты іс-шараның соңында барабаншылар ротасының ұландары барабандарымен дефиле көрсетсе, 4-ші оқу ротасының тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, ал 2-ші оқу ротасының ұландары қарумен өз қойылымдарын ұсынды.
Бұдан кейін ата-аналар мен келген қонақтар әскери мектептің оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ тұрғылықты жағдайымен танысты.
Ант беру уәдесін Шымкент қаласы мектебінің 200-ден аса ұландары да қабылдады. Тәрбиеленушілер әскери мектептің аты берілген Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ бұл күні Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің 225 ұланы ант қабылдады.
Білім алушылар стандартты мектеп сабақтарымен қатар әскери пәндерді, оның ішінде жалпыәскери тактиканы, байланыс негіздерін, саптық дайындықты, жалпыәскери жарғыларды және т.б. меңгеретіндігін айтып өткен жөн. Ұландар әскери пәндердің сыныптарындағы әскери техника мен қару-жарақтың үлгілері бойынша зерттелетін материалды іс жүзінде бекіте алады.
Тұрғын үй саясатының тың тәсілдері
Үкімет • Кеше
Қоғам • Кеше
«Заңдардың орындалуы» ұғымын енгізу қажет
Үкімет • Кеше
Елорда • Кеше
Шаңырақ шаттығын сыйлаған мекен
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Мамандық таңдау – болашақты таңдау
Білім • Кеше
Интернет дүкендерден абай болған жөн
Қоғам • Кеше
Ерекше балаларға көмектесетін мамандар көбейді
Қоғам • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Қазақстан • Кеше
Сұхбат • Кеше
Ескерткіштер – елдің өткені де, ертеңі де
Тарих • Кеше
Бозарған түн. Боз үміт. Балауса таң
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Бұл істі де еңсеретінімізге сенімдімін
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше
«Барыс» жаңа ойыншымен толықты
Хоккей • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 3 есеге өсті
Коронавирус • Кеше
Ақтаудағы «Домбыра-дастан» акциясы
Аймақтар • Кеше
Тақсай ханшайымы енді Түркістанда тұрады
Тарих • Кеше
Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр
Коронавирус • Кеше
Елордада мал сою орындары белгіленді
Елорда • Кеше
ШҚО-да заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды
Аймақтар • Кеше
Павлодарда заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
ТЖД-ның лауазымды қызметкері пара алу бойынша күдікке ілінді
ANTIKOR • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жалақысы 41 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Алматыда жас суретшілерге арналған жаңа арт-кеңістік ашылды
Аймақтар • Кеше
БҚО-да Астана күні атап өтіледі
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар