Біздің үлес салмағы 50-ақ мың тонна. «Көмірдің Алматыдағы биылғы бағасы 13500. Оның ішінде әркімге жеткізу бағалары әртүрлі. Ара қашықтығына байланысты» деді Әсет Масабаев.
Қала аумағындағы жеке үйлердің 99 пайызы газбен қамтылған.
Ал, Алматыға келетін көмірдің басым бөлігі шаһар маңындағы облыс аудандарына жөнелтіледі. Биыл қысқы маусымға 250 мың тонна көлемде қара отын келеді деп жоспарланып отыр. Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев биыл көмір тапшылығы болмайды деп сендірді. Ал, қара отын бағасы басқарманың қатаң бақылауында болмақ.
Қара отынның бағасы биыл да өткен жылғыдай тұрақты. Мәселен 2018 жылы «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы 14 500 теңгеден болса, биыл бұл баға 14 000 теңге шамасында. Ал, «Қара жыра» былтыр 13 700 теңгемен саудаланса, бүгінде бұл отын 13 000 теңгені құрап отыр.
Қазақ «қыстың қамын жаз ойла» дейді. Сарышұнақ аяз табалдырықта тұр. Сатушылардың айтуынша, халық алғашқы қар түспейінше көмір алуды ойламап жүргендер аз. Ал алматылықтарға арналған көмір әзірге қоймаларда жатыр.