Саясат • 09 Қазан, 2019

Мохаммад Файзи: Талибан әлемге қауіп төндіріп тұр

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ауғанстан мәселелері бойынша дөңгелек үстелінде Ауғанстан Ислам Республикасының Қауіпсіздік және шекаралық істер мәселелері бойынша ынтымақтастық департаментінің директоры Мохаммад Файзи осылай деді.

Мохаммад Файзи: Талибан әлемге қауіп төндіріп тұр

«Жылдар бойы Ауғанстан терроризмнің құрбаны болып келеді. Біздің ел - бұл жағдаймен күресуде бәрінен көп зардап шеккен мемлекет. Біз терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болу керек деп есептейміз. Талибан – Ауғанстан аумағында жүрген шетелдік қарулы топтардың серіктесі. Қарулы топтар әртүрлі ұлттардан тұрады. Сол себепті, олар Ауғанстаннан бөлек, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Өкінішке қарай, Талибан Ауғанстаннан тыс та өзімен серіктес күштерге қару, адам мен базаларды шығарып беруге қауқарлы. Олар есірткіден пайда табады. Табыстың тұрақты түрде түсіп тұруы оларға криминалдық синдикаттармен байланыс ұстап отыруға жол ашады. Есірткі– талибтер үшін табыс көзі болып отыр» деді Мохаммад Файзи.

Оның айтуына қарағанда, ауған билігі есірткімен күресті барынша қатаң жүргізуге тырысады. Есірткі өсірілетін алаңдарға арнайы әскери ұшақтар ұшырады. Есірткі саудасының жолын кесуді барынша күшейтіп келеді. Десе де, Ауғанстаннан тыс та героин өндіретін лабороториялар бар. Халықаралық деңгейде есірткіге деген сұраныс жоғары. Сұраныс ақыры талибандықтарға да, криминалдық синдикаттарға істерін жалғастыра беруге мүмкіндік беріп отыр.

«Сол себепті, есірткі трафигі мәселесімен бірлесе күресуіміз керек» деді ол.