Аймақтар • 10 Қазан, 2019

Туған жердегі тосынсый

658 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқырманға «Өзіме сабақ», «Ақыл қалта» еңбектері арқылы етене таныс ғалым-жазушы Мырзагелді Кемел биыл 70 жасқа толып отыр. Осынау айтулы күнге орай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академисының профессоры, аудармашы, қаламгер Мырзагелді Кемел Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында оқырмандармен кездесті.

Туған жердегі тосынсый

Қазақ оқырмандарына рухани олжа салған санаткермен кездесуге жиналған жұрттың қатары көп болды. Жазушы Еркінбек Тұрысов, белгілі ақын Нармахан Бегалиев бастаған ел ағалары мерейтой ие­сінің өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертті.

Кездесу барысында кітап оқу мәдениеті төмендеп бара жатқан тұс­та оқырманның сұранысына орай сауатты, тың туындылар жаз­ған қаламгердің еңбектері жайлы ғибратты әңгіме шертілді.
Жазушы үшін ең үлкен сыйлық аталған кітапхана ғимараты ішінен өзінің музей-кабинетінің ашылуы болды.

«Негізі оқырмандармен кездесуге шақырған еді. Бірақ осындай тосынсый жасап отыр. Әлемнің 20 елінде болсам да, мұндай құрмет көрген жоқпын. Қазір елордада тұрамыз, алдағы уақытта отбасымызбен туған жерге көшіп келіп, қызмет етуді жос­парлап отырмыз. Келешекте бұл бөлме керемет сұхбат алаңына айналады деп үміттенемін. Осы істі ұйым­дастырған «Отырар» кітапха­насының басшылығына алғысымды білдіремін», деді тебіренісін жасыра алмаған ағамыз.

Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, оқырманға терең ой салған кеш соңында ол жастарға және қоғам мүшелеріне рухани құн­дылықтар сыйлайтын «Ме­йірім», «Жазбаша тренинг» атты жа­ңа кітаптарын таныстырды. Ав­тордың айтуынша, бұл кітаптар жа­қын арада ауқымды таралыммен жа­рыққа шықпақ. Ал бұдан былай жазу­шының шығармасын іздеу­шілер музей-кабинетіне келіп, бар­лық кітаптарын оқи алады. «Ақыл қал­тадан» бастап жуырда ға­на жарық көр­ген «Жетілудің 7 жолы» атты еңбе­гіне дейін осында қо­йылған.

Автор жоғарыда аталған шы­ғар­маларынан бөлек, ізгілік пен иман­дылыққа, білім мен па­расат­қа үндейтін кітаптар жазып, қытай ғұламалары Лао Цзы ілімі мен Кон­фу­ций трaктaттaрын тәржі­малаған болатын.

Бұл игі іс-шара автор­дың 70 жыл­дық мерейтойына үлкен тарту болды.

ШЫМКЕНТ