Аймақтар • 11 Қазан, 2019

Алмадай алаулаған бұйымдар

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алтын алма» шаттық пен қуаныштың белгісіндей, Алматыда өткен Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінде әр ұлттың қолынан шыққан бұйымдары келушілердің көңілінен шықты.

Алмадай алаулаған бұйымдар

«Алтын алма» Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне Қырғыз­стан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей елдерінен өз саласының майталман мамандары қатысты.

Әдеттегідей Орталық мемлекеттік музейінде өткен бұл көрмеге аты айтып тұрғандай алма­ға ұқсайтын бұйымдар көптеп қойылды. Ал­матыдағы жаймашуақ алтын арайлы күз мез­гіліне дөп келетін жәрмеңкеге келушілер де береке мен бірліктің белгісіндей қабылдайды.

Нарттай қызыл алмалар қаламыздың символы ғана емес, ол әр отбасыға амандық пен саулық тіле­ген ақжолтай ниеттің белгісіндей болып көрінеді. Онда киіз бен жібек матадан тоқылған бұйымдар, сән салтанатымен әспет­телген өрнекті заттар, зергерлік бұйымдар, сан­дық­шалар мен құлпырған кілемдер көз жауын алады.

Алмадай алаулаған күзгі жәрмеңке жан дүниеңізді әдемі әсерге бөлейді.