Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Алдағы жылы теңге мен доллар дәлізі 400-405 теңгенің арасында тербеліп тұрады

563 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Сарапшылар енді теңгеміздің алдағы 12 айдағы жағдайына болжамы осындай. Қаржы нарығында қазақ теңгесі мен АҚШ валютасының бағасы күн сайын қырық құбылып жатыр. Бұрын мұндай жағдайға ит жығыс деп баға беретін едік. Ендігі құбылысты неге теңерімізді білмей дал болып отырмыз.    

Алдағы жылы теңге мен доллар дәлізі 400-405 теңгенің арасында тербеліп тұрады

Сарапшылар енді теңгеміздің алдағы 12 айдағы жағдайына болжам жасап қойыпты:  2020 жылдың екінші жартысынан бастап мұнай бағасы қымбаттайды деген үміт бар. Бұл АҚШ долларының аздап болса да қымбаттауына мүмкіндік береді екен. Осы мерзім аралығында инфляция аздап болса да баяулайтын көрінеді. Бірақ бұл да  қазақ теңгесінің жағдайын жақсарта алмайтын көрінеді.  Біз мұның бәрін   Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ) өткізген кезекті сауалнамасының нәтижесіне сүйеніп айтып отырмыз.    

Доллар арзандамайтыны айтпаса да түсінікті.  Мұны болжау үшін маман болудың керегі жоқ.   Өткен жұма күні  10 қазанда ресми валюта бағамы алғаш рет 390 теңгеден асты. Сарапшылар осы ретте Ұлттық банк интервенцияға мүмкіндік бергенін, долларды қымбаттатуға жол бермегенін  айтып отыр:  Басқаша болғанда АҚШ долларының бағасы 395 теңгеге дейін көтеріліп кетуі әбден мүмкін еді.

Қыркүйек айының басындағы жағдай елде девальвация туралы жақпырттың бояуын күшейтіп жіберді. Қаржыгерлер қауымдастығы әзірге қауіптенуге негіз жоқ екенін айтып отыр. Қазір әлсіз теңге Қазақстан үкіметіне де, Президентіне де керегі жоқ.  Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының АФК сауалнамасына сәйкес, қараша айының басында USD – KZT жұбының  орташа бағамы бір доллар үшін 390,8 теңгені құрайды.

Ал күту медианасы бір доллар үшін 390,0 теңгені құрайды.

«Бұл болжам тәуелсіз сарапшылардың пікірлері негізінде ғана дайындалды. Ресми ұйымдардың пікірі деп қабылдауға болмайды»,  деп  отыр  Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы.

Егер, алдағы 1 жылға көз жүгірсек, доллар мен қазақ теңгесінің арасы ит жығысқа көбірек  ұқсайтынын байқаймыз. Басымдық – алғашқысында.

12 айдан кейін, медианалық болжам бойынша (сарапшылардың жартысы бағам жоғарырақ болады деп санайды, жартысы төмен), доллар 400,5 теңге болады. Орташа болжам бойынша - 405,8 теңге.

Бұл дегеніміз, қазіргі жағдайға қарамастан, сарапшылардың болашақ теңгеге қатысты үміттерінің жақсара бастағанын көрсетіп тұр. Себебі 1  ай бұрын болжам 407,5 теңге болған.

Сарапшылар рубль бағасы алдағы 1 жылда тұрақтылығын  сақтайтынын айтып отыр. Осыдан 1 ай бұрынғы болжамдар аса өзгегіске ұшырай қойған жоқ,

 Қыркүйектің екінші жартысынан бастап ресей валютасының құны шамамен 6 теңге айналады.  Сарапшылар алдағы 1 жылда  бұл деңгейден алыстап кетпейтінін айтып отыр.

 Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың медианалық болжамдары 3 ай ішінде өзгерген жоқ - 1 рубль үшін 6 теңге. Орташа болжам сәл жоғары - 6,1 теңге. Оның үстіне,  қатарынан 4 ай  бойы өзгерген жоқ.

Әзірге мұнайға қатысты болжам тәуір.  Ел ішінде мұнайдың бағасы жақсы болса теңгенің жағдайы да дұрыс болады деген пікірге басым беретіндер көп.

Brent маркалы мұнай бағасының орташа болжамы 12 айда барреліне 60,6 доллардан 61,9 долларға дейін өсті (+ 2,1%). «Сонымен бірге, Brent маркалы баррелі 58,0 долларға саудаланып жатыр»,  деп атап өтті  Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы өзінің айлық есебінде.  

Алайда тек орташа болжам ғана өсті. Медиана өзгеріссіз қалды – қазір мұнай бағасы  60 АҚШ  долларынан әрі аспай тұр. Осы ретте қазақ үкіметі осыдан бірнеше жыл  «бізде екі бағдарламалық нұсқа бар. Бірі мұнай бағасының 40, еікншісі 60 АҚШ долларына негізделген» деген болатын. Осы күнге дейін үкімет соның тек екінші нұсқасын ғана қолданып келді. Енді алдағы 1 жылда 1 нұсқамен   жұмыс істеуге тура келетінін айтып отыр сарапшылар.

Сарапшылар  Ұлттық банк пен үкіметтің базалық баға төңірегінде бір келісімге келмегені ішкі нарыққа әсер ете басталғаны байқалып қалғанын айта бастады.

Бес айдың ішінде сарапшылардың ақша-кредит саясатын қатайтуға деген сенімі арта түсткен еді. Бірақ қазан айының алғашқы 10 күніндегі жағдай сонын бәрін өзгертіп жіберіпті. Бір жыл бұрынғы базалық мөлшерлеменің пайызы 9,42% -ден 9,31% -ге дейін төмендейтінін айтқан  болатын. Бірақ бұл болжам орындалмады.  Базалық мөлшерлеме  9% –9,25%  арасында тербеліп тұрды.

«ҚҚА сарапшыларының алдағы 12 айдағы базалық мөлшерлемеге қатысты бұдан арғы әрекеттері туралы пікірлері екіге бөлінді. «Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 42,0% базалық мөлшерлеме өседі деп есептейді.  29%-  төмендейтінін күтеді» деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы келесі шешімді 28 қазанда қабылдайды. Қыркүйек айының қорытындылары бойынша республикадағы жылдық инфляция 5,5% -дан 5,3% -ға дейін төмендеді. Бұл сарапшылардың болжамына әсер етуі мүмкін емес. Осылайша, алдағы жылға арналған орташа болжам соңғы 6 ай үшін минималды болды.

12 айда күтілген инфляция деңгейі бір айдың алдындағы 6,4% -бен салыстырғанда 6,1% құрады. 2020 жылдың аяғында  6,2% жетеді деп күтілуде (бұрын 6,5%).

Нарықтың кәсіби қатысушыларының инфляциялық күтулері бағаның өсуінің қазіргі деңгейінен (қыркүйек айында 5,3%) және Ұлттық банктің 2019-2020 жылдардағы инфляциялық мақсатынан (4-6%) жоғары. Соған қарамастан, сарапшылардың инфляциялық күтулері бекітілмеген, өйткені олар нақты инфляция динамикасына және макроэкономикалық жаңалықтарға сезімтал »,  деп атап өтті сауалнама авторлары.

Айта кетерлігі, медианалық болжам 5,8% деңгейінде, ол Ұлттық банк белгілеген дәлізге сәйкес келеді.

Сарапшылар  ішкі жалпы өнім  көрсеткішіне байланысты болжам аса жағымды емес екенін айтып отыр. Егер сарапшылар әдеттегідей инфляцияның жеделдеуін күтсе, онда Қазақстан экономикасының өсуі төмендеуі мүмкін екенін айтып жатыр.

 ЖІӨ өсімі 4,3% құрайды, бірақ респонденттер әлі де белгіленген қарқыны ұстап тұруға болатынына сенбейді. Орташа алғанда, келесі жылы ел экономикасы 3,6% -бен салыстырғанда 3,4% -ға дейін төмендейі әбден мүмкін. «Қаржы және тауар нарықтарындағы бағалардың өзгеруі әлемде болып жатқан көптеген оқиғалардың нәтижесі болып табылады, олар табиғаты мен әсері жағынан ерекшеленеді. Болжау бірден өзектілігін жоғалтуы мүмкін бірқатар бағыттарды.  Осыған байланысты АФК ақпараттық кеңістіктегі айтылған болжамдарға сақ болуды, тек қана кәсіби тұрғыда ғана дайындалған болжамдарға басымдық беру керектігін тағы да ескертеді »,  дейді  ҚҚҚ.

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ