Қоғам • 14 Қазан, 2019

Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті

Мемлекеттік хатшы Satpayev University жоғары оқу орнында әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған ғылыми жұмыстармен, сондай-ақ халықаралық компаниялармен бірлесіп атқарылып жатқан жобалармен танысты.

Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да келесі жылы атап өтілетін Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындық шараларын пысықтады.

Мемлекеттік хатшы, Алматы қаласының әкімі, Мәдениет және спорт министрілігінің басшылығы «Қазақфильм» АҚ-да аталған мекемені дамыту мәселелерін талқылады.

Осы күні Қырымбек Көшербаев Қазақ тағамтану академиясының ұжымымен кездесіп, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жобамен танысты.

Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев бірқатар мәдениет және ғылым қайраткерлері мен сарапшыларды қабылдады.