Аймақтар • 15 Қазан, 2019

Шымкенттік делегация Өзбекстанға аттанды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Өзбекстандағы жылы және Қазақстандағы Жастар жылы аясында шымкенттік «Достық керуені» мүшелері Өзбекстанға үш күндік іссапармен аттанды. Аталған сапарды қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Silkyway халықаралық университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Шымкенттік делегация Өзбекстанға аттанды

Зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, белсенді жастардан құралған делегат үш күндік сапар барысында бірқатар кездесу мен Ташкент, Самарқанд, Бұхара қаласындағы тарихи орындарға зиярат жасау­ды жоспарлады.

Делегация мүшелері Ташкенттегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етеді. Әрі қарай Самарқандтағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен таныспақ.

Сонымен қатар «Достық керуенінің» мүшелері Өзбекстан интернационалды мә­дени орталығы мен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығында болып, өзбекстандық қазақ жастарымен кездеседі деп жоспарлануда.

 

ШЫМКЕНТ

 

Соңғы жаңалықтар