Аймақтар • 15 Қазан, 2019

Павлодар облысындағы кәсіподақ ұйымының 8,5 мың мүшесі бар

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы  «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрамында қалалық, аудандық 12 кәсіподақ ұйымы, 420 бастауыш ұйым бар.

Павлодар облысындағы кәсіподақ ұйымының 8,5 мың мүшесі бар

Қазір осы ұйымдарда барлығы 8,5 мыңнан астам мүше тіркелген. Міндет – кәсіподақтың жұмысын үйлестіру, еңбек қатынастарын реттеу. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау. Еңбек адамдарының әлеуметтік мәселелерін шешу.

Қоғамдық бірлестіктің мәліметінше, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары Ұжымдық шарттармен реттелуіне байланысты шарттарда жұмысшыларға берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді енгізіп, заңдастыра алады.

 Өткен жылы қоғамдық бірлестік облыс әкімдігімен, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыс бойынша басқармасымен, облыстық Ішкі істер департаментімен және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен әлеуметтік-ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Ұйым жанынан ашылған жастар кеңесі жұмыс жасайды. Түрлі іс-шаралар өткізіп, жастарға заңдық көмек көрсетіп отырады.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Үздік мемлекеттік қызметші» сайысы өткізілді. Жеңімпаз атанған Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Саяуыш Сәдуақасов, Успен ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ольга Коляда Ақмола облысы «Щучинск» санаторийінде өткен республикалық жастар форумына жолдама алды.