Қоғам • 15 Қазан, 2019

Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апат Райымбек көшесінің бойында «Максима» сауда үйінің артында болған.  «Алматы жылу жүйесі» өкілдерінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шегушілер жоқ.

Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды

1997 жылы пайдалануға берілген диаметрі 500 мм құбыр қысымға шыдамаған. Куәгерлердің түсіріп алған бейнетаспасынан судың бірнеше метр биіктікке көтеріліп, атқылап жатқанын байқауға болады.

Алматы жылу Алматы жылу» МКК  өкілі Ян Гирин мұның себебін жылу жүйелерінің тозығы жеткендігімен түсіндірді.  Жылу құбырлары 1997 жылы пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері жаңартылған жоқ. «Судың температурасы 55 градус. Сол себепті ол жан-жағына қауіп төндіре қоймайды», деді Ян Гирин. 

Қазір апат орнында кезекші бригада тобы жұмыс істеп жатыр. 

Айта кетейік, кеше де жылу құбыры жарылып, бір адам күйіп қалған еді.