Қоғам • 16 Қазан, 2019

«Жанұя» орталығы жұмысын бастады

775 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген сөзді жиі естиміз. Бұл үй болудың күрделілігін көрсете ме, жоқ әлде отау құрған жастардың өзара тіл табысуының қиындығын аңғарта ма? Қалай десек те жақсы мағына бермейтіні айдан анық. Мәселе мақалда емес, мәселе осындай мағынадағы тіркестерді туғызбауда. Шағын шаңырақтан шаттықтың үні естілсін деп, ұрыстың емес, ырыстың лебі ессін деп елорда төрінен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы өз жұмысын бастады.

«Жанұя» орталығы жұмысын бастады

Бастағанына бас-аяғы отыз күннің шамасы болса да талай істің тамырын дөп ба­сып үлгеріпті. Келелі мәселе­лермен келгендерге керекті кеңес беріп, маңызды шаруа­лар­ға майталман мамандар пайдалы пікірлерін айтып, отбасын сақтаудың оңтайлы жолдарын ортаға салуда. «Жанұя» орталығы «бір терезе» қағидатымен азаматтарға қыз­мет көрсетеді және отба­сы­­лармен жеке жұмыс жүр­гізеді. Оның мақсаты отбасыларға құқықтық, пси­хо­логиялық және әлеу­мет­тік көмек көрсету.

Бұл жерде атаулы әлеу­мет­тік көмек, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім, жұ­мысқа орналасу, қысқа мер­зім­ді курстар, бизнес ашу, несие­лік борышты жабу және тағы басқа да сұрақтар бойынша кеңестер беріледі. Сондай-ақ орталықта кәсіби заңгер, медиатор және жеке сот орындаушыларынан құқықтық көмек, кәсіби психологтан психологиялық кеңес, «Тұр­ғын­үйқұрылысжинақбанкі», Бір­ың­ғай зейнетақы жи­нақ­таушы қоры (БЖЗҚ), Қаз­пош­та қызметтерін алуға болады.

Және де орталықта «Кә­сіп­кер ана» жобасы аясында әйелдерге арналған оқыту жүргізіледі екен. Бұл жоба әйел­дерді кәсіпкерлікпен айна­лысуға және әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға үйре­те­ді. Оған көпбалалы, жал­ғыз­бас­ты, мүмкіндігі шектеулі бала бағушы, тұрмысы төмен аналар қатыса алады. Оның аясында «Self made» та­быс­­ты әйелдер өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, моти­­вациялық тренингтер өткі­зі­ле­ді.

«Жанұя» отбасы институ­тын қолдау орталығының үйлес­тірушісі Әйгерім Әбді­қа­лиқызы орталыққа көбі­не­се көпбалалы, толық емес, мүге­дек балалар тәрбиелеп отыр­ған және жағдайы төмен отба­сылар жүгінетінін атап өтті.

«Орталық ашылғаннан бері 4057 адам 7061 сұрақ бойынша жүгінді. Азаматтар көбінесе атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй, несиелік борышты жабу, құқықтық көмек алу үшін жүгінеді. 5608 сұрақ бойынша жүйелі кеңестер берілді, яғни атаулы әлеуметтік көмек (АӘК есеп­теу, кедейлік шегінен асып кету), тұрғын үй (құжат­тар­ды жаңарту, кезекке қою, жастарға тұрғын үй, жалға алу шарты, «Бақытты отба­сы», «Берекелі баспана» бағ­дарламалары бойынша), несие­лік борышты жабу, табысты есептеу бойынша анық­та­­ма алу, құқықтық көмек (али­мент, берешек өндіру, көші-қон, заңсыз бұзу, ажырасу бойынша), бизнес (бизнес ашу, көше саудасы), білім (сертификаттар, үйірмелерге жеңілдіктер) тұрғысында. Ал 1453 мәселені шешу бо­йынша шаралар қабылданды. Атап айтар болсақ, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданды, құқықтық көмек алды, жұмысқа орналастырылды, қысқа мерзімді курстарда оқу, оның ішінде «Кәсіпкер ана» жобасы аясында, білім беру саласында денсаулық сақтау (емханаға тіркеу, дәрі­гер­ге жазылу) мәселелері шешіліп, психологиялық кө­мек көрсе­тіл­ді. Өткізілген 157 іс-шара аясында 4700-ден аса адам қамтылды, яғни ата-аналар, балалар, мүмкіндігі шектеулі бала­лар­ға психологиялық және моти­вациялық тренингтер, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту туралы ведомствоаралық комис­сияның отырысы, жұмыс берушілермен кездесулер, «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша үш апталық оқыту өткізілді. Іс-шаралар жоспарға жалғасуда. Апта сайын кесте бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімі, оның орынбасарлары, аудан
әкімдері, басқарма басшылары азаматтармен жеке қабылдау жүргізеді», деді ол.

Орталықтың алдағы уақыт­та­ғы жоспары сапалы қызмет көр­сетуді жалғастырып, аза­мат­­тардың тілектерін, сұра­нысын ескере отырып, жұ­мысты жетілдіру. Жуырда Вице-премьер Б.Сапарбаев пен елорда әкімі А.Көлгінов аталған орталықтың жұ­мы­сы­мен танысып, оң бағасын берген болатын.

«Біз әкімдікте басқарма басшылары мен аудан әкім­дерінің қатысуымен өткі­зіле­тін азаматтарды қабылдау жүргізудеміз. Тұрғындарды қа­был­дау жүйелі түрде өтіп тұрады. Екі айда жеке өзім 300-ден астам адамды қа­былдадым. Тұрғындар біз­ден кез келген күні келіп, тол­ған­ды­ратын сұрақтарға жауап ала алатын орталық ашуды сұрады. Көптеген адамдар жұмысқа орналасу және білім алу мәселелерімен жүгінеді. Мәселен, қосымша білім алу үшін қандай курстардан өту керек, «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қалай қатысуға болатындығы туралы жиі сұрақтар қояды. Осы орталықта да азаматтар­ды жеке қабылдайтын бола­мын», деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов.

Иә, күрмеуі қиын күрделі мәселе болса да негізгі мама­ны­на баратын мекенжайдан адаспаса, шешімі табылатыны сөзсіз. Сондықтан туын­да­ған отбасылық сан түрлі сұрақтардың жан-жақты жауа­бын «Жанұя» орталығынан алуға болады.