«Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген аса құрметімді білдіріп, Сіздердің ұйымдарыңыздың ЮНЕСКО Wenhui Award 2019 сыйақысын жеңіп алғандарыңызды қуанышпен хабарлаймын» делінген Криста Пикаттың хатында.
НЗМ өкілдерінің айтуларынша, бұл мектеп ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстанның бірінші білім ошағы. Wenhui Award университет пен мектеп арасындағы «Білім-2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.
Айта кету керек, ЮНЕСКО сыйақысы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі.
Финалдық кезеңнің номинанттарының ішінде Аустралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланка елдерінің беделді университеттері болды.