Ауа-райының қолайсыздығына, сонымен қатар астық жинаудың жалғасуына байланысты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 26-27 қазанынан 19-20 қазанына ауыстырылады.
Бұл күні екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі бірге өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы жылдың соңғы өңірлік жәрмеңкесі болмақ. Естеріңізге сала кетейік, күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусым- тамыз айының соңында басталды. Жәрмеңкеге барлығы 12 облыс қатысты.Аталған жәрмеңкеге өңірлер 3,5 мың тоннадан астам түрлі өнімдер әкелініп, елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды.