Қазақстан • 16 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда Қазақстан ‒ Ресей Үкіметаралық комиссияның XXI отырысы өтті

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XXI отырысы Нұр-Сұлтан қаласында 15 қазанда өтті. Жиынға қазақстандық тараптан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов, ресейлік тараптан — РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары - қаржы министрі Антон Силуанов қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан ‒ Ресей Үкіметаралық комиссияның XXI отырысы өтті

Отырыс барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені, атом энергиясын бейбіт пайдалану, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, әлеуметтік-еңбек қатынастары, ақпараттық технологиялар, мәдениет, туризм, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өзара қарым-қатынасы саласындағы мәселелер талқыланды.

Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне ие. Бұл ынтымақтастықты нығайту мақсатында  мемлекет басшылары мен өзгеде түрлі деңгейлерде кездесулер өтіп тұрады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарлы түрде дамып келеді. Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі саналады (еліміздің сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі ‒ 19,5%).

2018 жылы Қазақстан Республикасы мен РФ арасындағы өзара сауда көлемі $18,5 млрд құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 13,1%-ға жоғары ($16,4 млрд). Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі 0,8%-ға артып, $12,2 млрд құрады (2018 ж. 8 ай ‒ $2,1 млрд).

Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан ‒ Ресей Үкіметаралық комиссиясының 21-отырысының хаттамасына қол қойылды.

ҮАК келесі 22-отырысын 2020 жылы Ресей Федерациясында өткізу шешімі қабылданды.