Құрғақ жиде
Әке мен бала жол үстінде келе жатты. Әке қырықтан асқан, бала жетіде. Көп ішіндегі кенже. Әке «Сынық таға» туралы әңгімені айтып болды да:
-Есіңде болсын, балам. «Керекті тастың ауырлығы жоқ» деген сол», - деп мұртын сұқ саусақ, бас бармағымен басып-басып қойды.
-Ауыр тастың керегі жоқ, - деп тақ ете қалды баласы.
Оның таңдайы тұтқыр, құрғақ жиде татығандай болды. Әкесіне қарап, әлсіз жұтынды.
Әкенің күн қақтап, тотыққан жүзіне мақтаныш сезімі ойнап шыға келді.
Ырысбек Дәбей