Спорт • 17 Қазан, 2019

Футбол: Асқар Қожабергенов «Атыраудың» бас бапкері болып тағайындалды

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген «Атырау» клубының бас бапкері болып Асқар Қожабергенов тағайындалды.

Футбол: Асқар Қожабергенов «Атыраудың» бас бапкері болып тағайындалды

54 жастағы Асқар Сейдахметұлы кезінде Алматының «Қайрат» клубының сапында ойнағанын жанкүйерлер жақсы біледі. Одан бөлек, ол еліміздің СКИФ (Алматы), «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісу» (Талдықорған), «Химик» (Жамбыл), «Достық» (Алматы), «Ақтөбе» және Германияның «Пройссен» командаларында өнер көрсетті. 1992-1996 жылдары Қазақстанның ұлттық құрамасының намысын қорғады. 2001 жылдан бері жаттықтырушылық қызметтін тізгінін ұстап, Қазақстанның бірақатар клубтарын баптады.  

Қазіргі кезде «Атыраудың» жағдайы өте мүшкіл. Ел біріншілігінің жарыс кестесінде олар соңынан санағанда екінші, яғни 11 орында орында келеді. Осы күнге дейін 28 кездесу өткізген атыраулық команда небары 20 ұпай жиды.