Қоғам • 17 Қазан, 2019

Биыл 8 мың алматылық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен баспанаға қол жеткізді

124 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл - Алматы бойынша банктің рекордты көрсеткіші. Өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырсақ, үш жыл бұрын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылына 3 000-ға жуық қала тұрғынын баспанамен қамтамасыз еткен.

Биыл 8 мың алматылық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен баспанаға қол жеткізді

Банктің қазіргі және жаңа бағдарламаларының арқасында қала тұрғындары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі жыл сайын артып келеді. Биыл Алматыда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 300 қала тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар 2019 жылдың көктемінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан қанатқақты режимде «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы іске қосылды. Оның көмегімен 284 алматылық отбасы несие алып, жаңа қоныс иесі атанды.

Бұған қоса, тағы 313 көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы аясында тұрғын үйге қол жеткізбек. Қазіргі сәтте, олардың несиелік өтінімдері қарастырылып, несие беру процесі жүргізілуде.

Алайда мемлекеттік бағдарламаларға азаматтардың тек белгілі бір санаты ғана қатыса алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық салымшылары оның талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан банк өзінің барлық клиенттерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Өз үйім» бағдарламасын жүзеге асыруда. Аталған бағдарлама салымшыларға нарықтағы үй құнынан төмен бағамен коммерциялық нарықта тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.

-Қазіргі таңда банк Алматы қаласында тиімді шарттармен баспанаға қол жеткізгізі келген банк клиенттері үшін 8 тұрғын үйді ұсынады. Солардың бірі Жандосов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үй кешені. Бұл нысандағы пәтерлердің 1 ш.м.-ң бағасы 2019 жылғы қазандағы мәліметтер бойынша 365 000 теңгені құрайды. Ал, біз ондағы 95 пәтердің 1 шаршы метрінің бағасын 260 000 теңгеден ұсынудамыз. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алу үшін, банк несиені жылдық 7% мөлшерлемемен береді, ол кейіннен 5%-ға дейін төмендейді. Пәтерлерді клиенттер өздігінен baspana.kz порталында брондай алады, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы қалалық филиалының директоры Гүлзат Симтикова.

Жандосов көшесінің бойындағы тұрғын үй кешені «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ң еншілес ұйымы – «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС желісі бойынша салынды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі онымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

-Үйдегі барлық пәтерлердің аумағы кең әрі таза әрлеу күйінде. Үй толықтай пайдалануға берілген. Қазіргі таңда іргелес жатқан учаскені абаттандырып, коммуникацияларды қосу жұмыстары жүргізілуде, - деді «Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС бас директоры Әділ Бөрлібаев.

Жандосов көшесінің бойындағы жаңа кешен ескі тұрғын үйлердің орнына тұрғызылды.

«Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» өкілі   Ақылбек Байділдаев құрылыстарды бұзу кезінде тұрғындар тарапынан түсінбеушілік боғланын еске түсірді. Қазіргі тұрғын үй құрылысы бойынша  ең шағын пәтерлер 40 шаршы метрден басталады. Ал ескі үйлер сүрілген кезде 30-шаршы метрлі екі бөлмелі үйі бар тұрғындар жаңа салынан үйлерден куәі бөлмелі пәтерлер талап еткен. Ал жаңадан салынған үйлердегі екі бөлмелі пәтерлер 40 шаршы метрден басталады. 

«Арадағы келісімдерден кейін тұрғындармен  артық шаршы метрдің ақшасын төлеу туралы келісімге келдік, оның бағасы тұрңын үйдің орналасқан жері мен тұрғын үйдік категориясына қарап белгіленді» дейді А. Байділдаев.

Қазіргі сәтте қалада жалпы аумағы 325,2 мың шаршы метрді құрайтын 948 ескі үйлер бар. Онда 8 910 отбасы өмір сүруде. Ескі үйлердің ең үлкен аумағы Түрксіб ауданында орналасқан. Онда жалпы алаңы 135,5 шаршы метрді құрайтын 461 үй бар. Алматы территориясында ескі тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша 2012 – 2015 жылдары жалпы ауданы 21,9 мың шаршы метрді құрайтын 56 үй бұзылды, 469 отбасы басқа үйге қоныс аударды, оның орнына жалпы аумағы 176 мың шаршы метрді құрайтын 58 жаңа үй салынды.

 

 

Алматы