Қоғам • 17 Қазан, 2019

Қазақстандықтарға скрингтен өту үшін 5 қосымша демалыс күн беріледі

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оны орындамаған жұмыс берушілерге айыппұл салынады. Мұндай норма «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясында қарастырылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Қазақстандықтарға скрингтен өту үшін 5 қосымша демалыс күн беріледі

«Кодексте жұмыс берушінің жауапкершілігі де қарастырылып отыр. Олар қызметкерлеріне скринингтен өту үшін 5 күнге дейін ақысы төленетін демалыс береді. Барлық азаматтардың белгілі бір скринингтен тегін өтуге мүмкіндіктері бар. Балаларды жыл сайын медициналық тексеруден өткізу де қарастырылған. Жұмыс беруші ақысы төленетін демалыс беруге міндетті. Оны орындамаған жағдайда жұмыс берушіге айыппұл салынады», - деді Мәжілісте аталған кодекс жобасын таныстырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Осы орайда министр жұмыс беруші қызметкерін скринингтен өту үшін ақысы төленетін демалысқа жіберсе қайда шағымдануға болатындығын айтты.

«Заң бойынша осындай жауапкершілік енгізілгеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек құқықтарын қорғау, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау салаларындағы комитеттеріне шағымдануға болады», - деп атап өтті  министр.