Шара барысында Т.Рысқұловтың өмірі мен елімізге қосқан үлесі туралы тың мәліметтер беріліп, деректі фильм көрсетілді. Дөңгелек үстелге жиналған зиялы қауым өз ойларымен бөлісті. С.Сейфуллин атындағы музей қызметкері Мұқият Қойшыбай өз сөзінде: «Өткенге қозғау салу, өткенге үңілу – тектіліктің белгісі. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің қалыптасуына ерен еңбек сіңірген Тұрар Рысқұлов сынды тұлғаларымызды тану, білу бізге аманат. Бұл біздің тарихқа, ұлтқа, Отанымызға көрсеткен кісілігіміз. Осы орайда қынжылтатыны, қазір біздегі ең кемшін тұс – тұлғатану ілімі. Тұлғатануды мектеп қабырғасынан бастап, жоғары оқу орындарында оқытсақ деген ойым бар», деп жалпы қауымға ұсыныс тастады.
Таяуда Ұлттық музейдің Ғылыми кітапханасында мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың қызыл жебесі» атты дөңгелек үстел өтті.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше