Нақтылай айтқанда, бұған дейін қолға алынған көптеген жұмыстарды уақыт талабына сай одан әрі жалғастыру міндеті қойылып отыр.
Жолдауда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп келген сарабдал саясаты, стратегиясы сабақтастықпен жалғастырылатыны нақты көрсетілген. Бұл қадам барша қазақстандықтардан, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтан да қолдау тауып отыр.
Сондай-ақ Жолдауда жергілікті мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған мәселелерге, оның жергілікті әкімдердің есеп берушілігін арттыру және «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын әзірлеуге баса мән берілуі халықтың көңілінен шықты деп есептеймін. Білім беру сапасын жақсарту мәселесі де Жолдауда жақсы айтылған.
Жолдау шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бұл бастама шетелдік компаниялар арасындағы тұрақтылық сенімін күшейтеді.
Шахул Хамид бин Мохд ИСМАИЛ,
Қазақстандағы малайзиялық ең ірі инвесторлардың бірі –
«Reach Energy Kazakhstan» компаниясының басқарушы директоры