Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жол үстінде босанды

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біздің кейіпкеріміздің аты-жөні – Индира Қалқабаева. Ол Алматы қаласындағы №12 емхананың дәрігері, Nur Otan партиясының мүшесі. Бұл оқиға «Жезқазған – Алматы» пойызында болған еді. Түс мезгілінде купеге жолсерік жүгіріп кіріп «жолаушылардың ішінде медбике немесе дәрігер бар ма?» деп сасқалақтап сұрады. Көрші вагондағы аяғы ауыр әйелдің хәлі нашарлап, шұғыл дәрігерлік көмек керек болып тұр екен. Оның өтініші Индираны бейжай қалдырмай, көмек қолын созды. Аяғы ауыр әйелдің жанына келіп, аты-жөні мен жүктілік мерзімін, бір сөзбен айтқанда, дәрігер-гинекологтар білуге тиіс мәліметтердің бәрін тәптіштеп сұрап алды.

Жол үстінде босанды

Алғашқыда қатты сасып қалдым. Бірақ бірден есімді жиып алып, толғақ қысқан аралықтағы өткен уақытты санай бастадым. Толғақтың жиілей түскенін байқағаннан кейін, арқасын уқалап, терезені ашып, босанатын әйелге жайлы жағдай жасау үшін қолымнан келгеннін бәрін істеп бақтым. Жолсеріктен таза жайма, сүлгі, спирт, дәрі қобдишасы сияқты керектің бәрін сұрап алдым», дейді Индира.

«Бәрі де кинодағыдай болды. Босанып жатқан әйелдің жанында отырмын. Маған қолдан жасалған, шағын пышақты, бір шөл­мек су мен ішінде дәке, сутегінің асқын тотығы мен бірнеше дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алып келді. Бірнеше минуттан кейін әйелдің босануға жақын қалғанын түсіндім», дейді біздің кейіпкеріміз.

Дүниеге келген перзентті «Қазақ­стан темір жолы» деген жазуы бар жай­маға орады. Пышақты ыстық суға малып алып Индира сәбидің кін­дігін кесіп, шешесінің кеудесіне жат­қыз­ды. Шамалғанда оларды жедел жәрдем күтіп алды. Анар мен баланы перзентханаға алып кетіп, оларды ажалдан аман алып қалған әйел отбасымен әрі қарай Алматыға жол жүріп кетті.

«Вагоныма жеткенге дейін халық ду қол шапалақтаумен болды, ал менің қолым дірілдеп, абыржуым басылмай қойды. Құдайға шүкір, бәрі де жақсы аяқталды. Дүниеге келген қыздың атын Көзайым қойыпты. Қазір олар Ақтауда тұрады. Хат жазысып тұрамыз, олар маған фотосуреттерін де жіберді. Жолым болып, оқиғаның сәтті аяқталғанына қуаныштымын. Бұл оқиғадан кейін мен дәрігерліктің тек тәжірибе мен ой жұмысы ғана емес, адамдарға бақыт сыйлаудың мол мүмкіндігі екенін түсіндім», дейді Индира.ф