Спорт • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбі күні Маррокода дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Жаһандық біріншіліктің алғашқы күні жерлестеріміз үшін сәтсіз басталды.

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Жарыстың бірінші күнінде 60 және 66 килода Болат Біләл, Шерзод Давлатов, Нұрзат Сәлімбаев пен Ермек Амангелді бақ сынады. Нәтижесінде, Ермек Амангелді ширек финалға жетіп, жалпы есепте жетінші орынға табан тіреді. Қалған балуандар алғашқы айналымнан әрі аса алмады.

Қыздар арасындағы 48 және 52 кило салмақ дәрежесінде Ақмарал Науатбек, Ғалия Тынбаева, Ақжол Қайыпхан және Ақмарал Ерназар белдесті. Өкінішке қарай, бұрымды балуандар да іріктеу кезеңінен әрі аса алмады. Қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен – Ақжол Қайыпхан мен Ғалия Тынбаева ғана. Олар жұбаныш белдесуіне дейін жетіп, жастар арасындағы әлем чемпионатын жетінші орынмен аяқтады. Аталған дода 20 қазанға дейін жалғасады.