Кәсіпқой бокс • 18 Қазан, 2019

Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтанов Лас-Вегаста жұдырықтасады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов 2 қарашада АҚШ –тың Лас-Вегаста қаласында өтетін кеште мексикалық Кристиан Оливаспен күш сынасады. 

Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтанов Лас-Вегаста жұдырықтасады

Бұл жекпе-жекте орта салмақтың WBC-USNBС нұсқасы бойынша алтын белбеу сарапқа салынады. Қандасымыздың қарсыласы жайында айтар болсақ, Кристиан Оливас 21 кездесу өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. 13 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Мейірім Нұрсұлтанов 12 рет рингке көтеріліп, барлығында басымдық танытты. Сегіз қарсыласын нокаутқа жіберді.

Лас-Вегастағы бокс кешінің басты жекпе-жегі мексикалық Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев арасында өтеді. Олар ең белді нұсқалардың бірнеше белбеуі бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар

Жастар жігер көрсетті

Бокс • Бүгін, 08:30

Ерекше емдеу әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Тарақан-киборг

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Хакімнің аманаты

Абай • Бүгін, 08:10