Спорт • 18 Қазан, 2019

Теннис: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Люксембургете өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина табысты өнер көрсетуде.

Теннис: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

WTA деңгейіндегі доданың жартылай финалында жерлесіміз германиялық Лаура Зигмундпен шеберлік байқасты. Алғашқы сетті Елена таза ұтты.

Есеп – 6:0. Келесі сетте 6:4 есебі тіркелді. Енді ол  жартылай финалда пуэрторикалық Моника Пуиг пен неміс теннисшісі Юлией Гергес арасындағы жұптың жеңімпазымен күш сынасады.