Спорт • 19 Қазан, 2019

Волейбол: «Жетісу» Суперкубокты жеңіп алды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғандағы «Жетісу» спорт сарайында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Суперкубогы жолындағы жарыс аяқталды.

Волейбол: «Жетісу» Суперкубокты жеңіп алды

Айтулы турнирде төрт команда бақ сынады. Олар ­- «Жетісу», «Алтай», «Ертіс-Қазхром» және «Алматы». Осылардың арасында талдықорғандық волейболшылардың мысы басым болды. Алғашқы екі кездесуде қарсыластарын қапы қалдырған алаң иелері соңғы ойында павлодарлықтарды 3:0 (25:20, 27:25, 25:22) есебімен ұтып, Қазақстан Суперкубогын иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Сана Анарқұлова («Алтай») және Джоана Паласио Мендоса («Жетісу») осы жарыстың ең үздік ойыншысына тиесілі арнайы сыйлықтарға ие болды.

Осы жеңістің арқасында «Жетісу» Азияның клубтың чемпионатында бақ сынау құрметіне ие болды.